Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Майшабақтәрізділердің биологиялық ерешелігі

Автор:   •  Январь 10, 2018  •  Курсовая работа  •  4,703 Слов (19 Страниц)  •  1,590 Просмотры

Страница 1 из 19

                                   Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

 I Майшабақтәрізділердің биологиялық ерешелігі

1.1 Майшабақтәрізділер отрядының анатомиясы мен морфологиясы...............6

1.2 Майшабақтектестер тұқымдасы.......................................................................9

1.3 Анчоустар және дорабтар тұқымдасы …...............................................12

1.4 Майшабақтәрізділердің кәсіптік маңызы......................................................16

Тәжірибелік бөлім

 Майшабақтәрізділердің миграциялауы..............................................................18

 Қорытынды.........................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................24

Қосымшалар

                                 

             

Кіріспе

         Майшабақтәрізділер — сүйекті балықтар класының нағыз сүйекті балықтар тобының отряды. Бұл отрядқа ең қарапайым сүйекті балықтар бірігеді.  Құрылысы қарапайым, морфологиясы мен биологиясы әр түрлі. Майшабақтәрізділердің денесінің екі бүйірі қысыңқы, оған циклоидты қабыршықтары бос бекігендіктен оңай алынады. Бүйір сызығы жоқ, бірақ желбезек қақпақшасында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы жетілген. Құрсақ жүзбе қанаттары кеуде жүзбе қанаттарынан әлдеқайда кейін орналасқан. Жүзбе қанаттарында тікенек талшықтар болмайды. Майшабақтәрізділер- шағын балықтар, 5-75 см көлемінде ғана болады. Ерекше түрі-дораб майшабағы,ұзындығы 3,7м дейін. Көпшілік түрінің салмағы бірнеше грамнан 4 кг дейін жетеді. Құйрық жүзбе қанаттары гомоцерькалды. Көптеген майшабақтәрізділер - нағыз үйір құрып тіршілік ететін пелагикалық балықтар,қорегі-планктондар. Бұлар жер шарының барлық теңіздерінде мекендейді.

Майшабақтәрізділер 3 тұқымдасқа бірігетін 300 ден аса түрі белгілі.

Майшабақтектестер тұқымдасы(Clupeidae) – кең тараған 190 түрге біріктірекді. Көпшілігі майда 35-45 см аспайтын балықтар. Тек кейбір өтпелі майшабақтар ғана 75 см дей болады. Майшабақтектестер тұқымдасына Мұхит майшабағы(Clupea harengus), Қаражон (Caspialosa kessleri), Еуропа шпроты(Sprattus sprattus), кәдімгі килька немесе тюлька (Clupeonella delicatula), Еділ майшабағы(Caspialosa volgensis), Атлантика сардинасы(Sardina pilchardus). Анчоустар тұқымдасы (Engraulidae)-100 ге жуық, көпшілігі тропикалық суларда тараған, үйір құрып тіршілік ететін балықтар. Майшабақтардан ерекшелігі аузы үлкен, ол салбырап тұрған тұмсығының астында орналасқан, құрсағы дөңгеленген және аналь жүзбе қанаты ұзарған. Анчоустар тұқымдасына Европа анчоусы немесе хамса(engraulis encrasicholus), Азов хамсасы, Атлантикалық финта, солтүстік атлантика анчоусы.

Дорабтар тұқымдасы(chirocentrdae) - майшабақтәрізділердің ерекше тұқымдасы. Бұлар майшабақтәрізділердің ең үлкені, бұлар үйір түзбей жеке немесе шағын ғана үйңр құрып тіршілік етеді. Майшабақтектестер әлемдік балық аулау саласында маңызды нысандар болып табылады. Басқа балықтармен салыстырғанда балық аулауда бірінші орын алады.  

Майшабақтар өте ұлкен үйір құрып миграциялайды, 1 метр куб су көлемінде 10 млн-ға жуық тығыздықпен өрістейді. Майшабақтр жағалаудың тайыз жерлеріне келіп, теңіз капустасы және фикус өсімдіктерінің арасына уылдырықтарын шашады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Майшабақтәрізділердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

     1.Майшабақтәрізділердің анатомиясы мен морфологиясын анықтау.

     2.Майшабақтектестердің өкілдерімен танысу.

     3. Майшабақтәрізділердің миграциясын бақылау.

Зерттеуіміздің обьектісі: Майшабақтәрізділер.

Зерттеу әдістері: Бақылау, деректі фильмдер қарау.        

        

        

          

                 Систематикалық орны

Тип: Хордалылар – Chordata

Тип тармағы: Мисауыттылар – Craniata

...

Скачать:   txt (59.7 Kb)   pdf (699.1 Kb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club