Жердегі биологиялық эволюцияның принциптері
Автор: asilzhan.asa.j • Октябрь 2, 2018 • Реферат • 1,098 Слов (5 Страниц) • 2,020 Просмотры
Жердегі биологиялық эволюцияның принциптері
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізі бөлім
- Жердегі тіршіліктің даму принциптерін түсінудегі Ч.Дарвиннің қосқан үлесі
- Жердегі тіршіліктің даму принциптері мен қозғаушы күші
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат тарихының үлкен бөлігінде адамдар жердегі сан алуан тіршіліктің шығу тегін жете түсіне алмады. Жануарлардың пайда болуы туралы болжамдар мен теориялар тас дәуірінен бастап қалыптасып келеді. Олардың ең алғашқыларының бірі креоционизм болса, қазіргі кездегі ең соңғыларының біріне тіршіліктің РНҚ-лық бастауы жатады.
Тарихтың әр кезеңінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар өзгеріп отырды, кейде бұрыннан белгілі болжамдар толықтырылып тұрса, кейде бұрынғыларынан мүлде өзгеше болжамдар айтылып тұрды. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы негізгі теорияларын пайда болу уақытына қарай келесідей орналастырса болады:
- Креоционизм – тіршіліктің саналы жаратушысы туралы теория. Бұл теория бойынша барша тірі және өлі табиғат жаратушының құдіретімен жаралған. Бұл теория адамзат тарихында ұзақ уақыт негізгі орынды алып келді. Қазіргі заманда ғалымдар арасында мойындалмаса да, ғылымнан алшақ жеке діндегі тұлғалардың арасында әлі де орнығып келеді.
- Тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы теория. Бұл теория Ежелгі Қытайда, Египетте, Грецияда дамыды. Биологияның атасы саналатын Аристотель осы теорияны қолдаған болатын. Оның пікірі бойынша кейбір заттардың құрамында тіршіліктің «белсенді бастауы» болады және кейбір жағдайларда осы тіршіліктің белсенді бастауынан тірі ағзалар пайда болады.Аристотель осындай тіршіліктің бастауы жұмыртқа құрамында бар деп дұрыс есептеген, алайда ол онымен қоса оны күн сәулесінде, шіріген етте де кездеседі деп қате есептеген.
- Стационарлық күй теориясы бойынша тіршілік пайда болмады, ол мәңгі болды және мәңгі болады.
- Опарин-Холдейн теориясы – XX ғ. Бірінші жартысында қалыптасқан ғылыми теория. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы үш кезеңге бөлінген: органикалық заттардың пайда болуы, нәруыздардың пайда болуы, нәруызды денелердің пайда болуы.
Қазіргі кезде соңғы теория негізі орынды алады, оның негізінде бірнеше туынды теориялар құрастырылған. Дегенмен, бұл теориялар тек алғашқы тірі организмдердің пайда болуын түсіндіреді, алайда тіршіліктің бүгінгідей күрделі формаларының пайда болуын түсіндіре алмайды. Тіршіліктің бүгінгі алуантүрлілігін түсіндіру үшін тіршіліктің эволюциясы қолданылады
Эволюция (лат. evolutio – «өрлеу») – популяцияның генетикалық ақпаратының өзгеруімен, адаптациялардың қалыптасуымен, түрлердің қалыптасуы мен жойылуымен қатар жүретін табиғи процесс. Жердегі эволюцияның негізгі механизмдері: табиғи сұрыпталу, гендер дрейфі, гендердің көлденең таралуы.
Жердегі тіршіліктің даму принциптерін түсінудегі Ч.Дарвиннің қосқан үлесі
Чарльз Дарвин өзінің 1831-1836 жылдардағы «Бигль» кемесімен жер шарын айналып шыққан сапары барысында түрлерді өзгермейді деп санауға болмайтындығы туралы көптеген мағлұматтар жинап қайтты. Англияға қайтып келгеннен соң ол көгершіндерді және өзге де үй жануарларын өсіру практикасын зерттеуге кірісті, бұл оны табиғи сұрыпталу идеясына алып келді. 1778 жылы дін қызметшісі Т. Мальтус «Жер халқы туралы трактат» атты еңбегін жариялады және онда халық санының еш тежеусіз өсуі неге әкеліп соғатынын көрсетті. Ч. Дарвин Мальтустың ойларын табиғатқа қатысты қолданып, репродукциялық потенциалы өте жоғары болуына қарамастан популяция саны біршама тұрақты деңгейде сақталатындығына назар аударды. Ғалым, популяция ішіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында көбеюі және өзінен соң ұрпақ қалдыру қабілетін арттырады деп ұйғарымға келді. Бұл эволюция теориясының негізі болды.
...