Тырналардың биологиялық ерекшеліктері
Автор: akmarzhan_789 • Октябрь 26, 2018 • Реферат • 1,589 Слов (7 Страниц) • 1,388 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биология кафедрасы
Реферат
Тақырып: «Тырналардың биологиялық ерекшеліктері».
Орындалды:Тимтуирова А.К. Б(е)-17к
Тексерілді: оқытушы Бисенева А.К.
Петропавл қ. 2018 жылы
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Ақбас тырна
2.2.Ақ тырна
2.3.Сұр тырна
ІІІ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тырналардың биологиялық ерекшеліктері
Тырналар (лат. Grus) — Тырналар тұқымдасының төрт туысының бірі, он түрді қамтитын негізгі туысы.Кәдімгідей құрлық құстары, ағаш басына ешқашан қонақтамайды. Тырна туыстыларға тән ерекшелік – басында бүртікті өскіндері және қатқыл түк тәрізді қылтан қаптаған тақыр тері үлескілерінің болуы. Тырналар негізінде өсімдіктекті азықтармен - тұқым, тамырсабақ, өркендермен қоректенеді. Дегенмен мүмкіндігі болған кезде азық құрамын жәндіктер қосып, ірі бунақденелілермен, құрттармен, ұлулармен т.б. дәмдейді. Тырналар көктемгі “би” салт жорасымен әйгілі. Қазақстанда тырна туыстылардан төрт түрі кездеседі. Олар: ақ тырна, қара тырна, сұр тырна, қызылсирақ тырна. Ақ тырна – ірі денелі шамасында, салмағы – 10 килоға жуық. Қара тырна – едәуір кішкене қошқыл реңді тырна. Қызылсирақ тырна – ашық сұр реңді едәуір ірі денелі тырна. Сұр тырна – кәдімгідей тырналардың бірі.
Тырналар – ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.
Ақбас тырна
Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола,Павлодар,Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Алматы,Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирмажерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
...