Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жанат тектес иттердің Қазақстанға жерсіндірілу жұмыстары

Автор:   •  Июнь 24, 2018  •  Реферат  •  1,101 Слов (5 Страниц)  •  907 Просмотры

Страница 1 из 5

                Жанат тектес иттердің Қазақстанға жерсіндірілу жұмыстары

    1934 жылдан бастап КСРО-ның бірқатар республикаларына  жерсіндіру мақсатында жанат тектес иттер кеңінен қоныстандырылды. Алдымен ол Одақтың Еуропалық бөлігіне шығарылды, яғни, солтүстігінде  Мурманскдан бастап, оңтүстігінде Қара және Каспий теңіздерінің жағалауына дейінгі аралықта және  Кавказ, Кавказ маңындағы бірқатар елдімекендерге, Қырғызстанға, Қазақстанға, Жаңасібір облысы мен Алтай өлкесіне шығарылды. Көптеген аудандарда жерсіндіру жұмысы сәтті жүргізілді.

Қазақстанда жанат тектес иттерді жерсіндіру жұмыстары 1936-1937 жж.жүргізілді.

   Жанат тектес иттер сілеулі ағаштармен қоршалған Бахтияр өзені аңғарына шығарылды. Шығарылымнан кейін бұл жануарлар ол жерден қашып кетіп, адамдар мекен еткен елді мекендерде тіршілік етті. 1937 және 1938 жылдары осы жануарлардың кездесулері туралы біршама мәліметтер болды, кейінірек олар аталмыш жерде кездескен жоқ. Шамасы, бәрі қайтыс болды.

    Жоңғар Алатауында (Талдықорған облысының  Сарқант және Дзержинский аудандары) жанат тектес иттер алма ормандарына шығарылды. Шамамен екі жыл өткен соң алдыңғы жағдайдағыдай барлық жануарлар жойылды.

    Қатон-Қарағай ауданындағы батпақты өзен алқаптарына шығарылған жанат тектес иттердің қоныстандырылуы сәтті нәтиже көрсетті.

    Қоныстандырылғаннан кейін көп ұзамай бұл иттер шығарылған жерден 40-90 шақырымға дейінгі аралықта пайда болды. 1938 жылы олар шығарылым орынынан бастап  400 км қашықтықта  кездесті –соның ішінде Киров, Большенарым аудандарында және Өскемен қаласында. 1941 жылы Катон-Қарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігіндегі Зырян ауданында, Большенарым ауданындағы Маймыр өзенінің бойынан жанат тектес  иттер табылған.[2]

    Кейіннен олар Семей облысының Жарма ауданында (Георгиевич ауылында) пайда болды.

    Соңғы жылдары Оңтүстік Алтайдағы жанат тектес иттердің кездесулері туралы ешқандай мәлімет айтылмаған.

     Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарында олардың  пайда болуы оқиғалары орын алды. Сонымен 1939 жылы Арық-Балық ауданынан осы иттердің жұптары табылды. Мұнда олар алғаш пайда болған көршілес Жаңасібір мен Ом облыстарынан келген тәрізді. ұсынған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша олардың есептік деректері талданды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл иттердің саны - 1533  болды. 2013 жылға дейінгі санның динамикасы тұрақты өсу болды. 2012-2013 жылдардағы жанат тектес иттердің  санының динамикасы ең жоғары дәрежеде болды (45-график). 2014 жылғы  аңшылардың  болжамы олардың саны  2 254 дарақ.[1]

[pic 1]

      Ақыры 1943 ж. Жанат тектес иттер Атырау облысы, Теңіз ауданында да тарай бастады . 1945 1946 жылдары маусымда ол жерде 70-ке жуық жанат тектес иттердің терісі өндірілді. 1950ж. Солтүстігінде Каспий, батысында Еділ жағалауына дейін барлық қолайлы алқаптарда жанат тәрізді ит мекен етті.

    Сыртқы келбеті.

    Жанат тектес ит (енотовидная собака) – шамамен итке ұқсас аң. Денесінің ұзындығы – 65-80см, құйрығы – 15-25см, салмағы –  4-10  келі. Денесі жауырынды, ұзын. Табаны қысқа.Тұмсығы мен терісінің түсі бойынша бұл жыртқыш аң жанат аңына келеді. Терісі қара-қоңыр, төменгі жағы ашықтау, ұзын және қалың, бірақ қылшықты. Арқасында қара-қоңыр жолағы бар. Тұмсығында "жанаттық" қара-қоңыр қалқаға ұқсас сурет айқын білінеді. Ұртында күлгін-сұр сақалы бар. Құйрығы қысқа, үлбіреген, көлденең жолақсыз. Күрең түстілері де кездеседі. Сондай-ақ альбиностар (ақ терілі) туралы да айтылады.    

                         [pic 2]

                                              Жанат тектес ит(Nyctereutes procyonoides)

    Түрлері:

      Қортық жанат - жанат түрлерінің ең кішкентайы. Ол - әлемдегі жойлып бара жатқан етқоректі хайуан. Теңіз шаянын жейтін Оңтүстік және Орталық Америка жанаты шаян тектес су жануарларымен және майда балықтармен, т.б қоректенеді. Тресмарайялық жанат Мексиканың батыс жағалауларында кездеседі.Арал тұрғындары тресмарайялық жанаттарды аулаудың алдын алу және оларды қорғау үшін ешқандай жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ. Жүзік құйрықты мысық - жанаттың жақын туысы. Солтүстік жанатын тек қана Америкадан кездестіруге болады. Кәдімгі жанат түнде жалғыз тіршілік етеді. Гваделупа жанаты мангр ормандары мен тропикалық ну ормандардағы мекен ету ортасының бұзылуынан зардап шегуде. Барбадос жанатының дене тұрқы кішкентай.Ол Гваделупа жанатына ұқсас.Оның басы сүйегінің терісі өте әдемі, қара сұрғылт түсті. Шаянжегіш жанат (P. cancrivorus) Оңтүстік және Орталық Америкада; шайқағыш жанат Орталық және Солтүстік Америкада таралған. Аралас ормандарды мекендейді. Жылына бір рет түлейді. 2-8 дейін күшіктері болады. Ін қазып, тіршілік етеді. Бағалы терілі аңға жатады.[3]

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (231.6 Kb)   docx (109.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club