Теодолиттердің жіктелуі, олардың құрылысы, біліктері, оларға тән геометриялық алғышарттарды тексеру және түзету
Автор: maduarovaa • Ноябрь 25, 2020 • Реферат • 1,630 Слов (7 Страниц) • 1,245 Просмотры
Тақырыбы: Теодолиттердің жіктелуі, олардың құрылысы, біліктері, оларға тән геометриялық алғышарттарды тексеру және түзету
1.Зертханалық жұмыстың мақсаты:
Теодолит бөліктерін, олардың өзара орналасу жүйесін, тетіктері мен жабдықтарын көзбен көріп, жадыда сақтау. Горизонталь және вертикаль дөңгелектермен өлшем алуды үйреніп, жаттығу. Теодолит біліктеріне тән геометриялық алғышарттарды жатқа білу, оларды тексеру және түзету.
2. Теодолиттердің жіктелуі және олардың ерекшеліктері
Жер бетінде және жер асты тау-кен қазбаларында қыл жіпті қашықтық
өлшеуішімен ара қашықтықтарды және бұрыштарды өлшеу үшін, теодолит -
тахеометрлер, басқаша айтқанда теодолиттер қолданылады.
МЕСТ 10529-86 сәйкес дәлдіктеріне байланысты теодолиттер 3 түрге бөлінеді: жоғарғы дәлдікті, дәл және техникалық. Инженерлік тәжірибеде техникалық теодолиттер кең қолданылады 2Т30М, Т30 және 2 Т30. Теодолиттердің шифрындағы Т әріпінен кейінгі сан бір амалмен горизонтальды бұрышты өлшеу кезіндегі орташа квадраттық қатені секундта (с) білдіреді (1 - кесте).
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ТЕОДОЛИТТЕР | ||
2ТЗОМ | Т30 | 2ТЗО | |
Бір амалмен горизонтальды бұрышты өлшеу кезіндегі орташа квадраттық қате келесіден аспау керек: горизонтальды бұрышта, с | 30 | 30 | 30 |
вертикаль бұрышта, с | 45 | 45 | 30 |
Көру дүрбісі: ұлғайтуы, еселі | 18 | 18 | 20 |
Нысаналаудың ең кіші ара қашықтығы, м | 1.0 | 1.2 | 1,2 |
Вертикаль бұрыштарды өлшеу шегі, градус | +60.............-55 | ||
Теодолиттің салмағы, кг | 3.0 | 2.5 | 2.3 |
3. Құрылысы: [pic 1]
1-сурет- Теодолит бөліктері мен тетіктерінің өзара орналасуы, теодолит біліктері
а) астыңғы бөліктер: 1-көтергіш бұранда, 2-тұғыр; б) үстіңгі бөліктер - алидада (9): 3-шыны шығыршықты горизонталь дөңгелек; 4-өлшем алу тетігі - микроскоп; 5-шыны шығыршықты вертикаль дөңгелек; 6-дүрбі; 7-тіреу; 8- цилиндр пішінді деңгей - теңгерме
Горизонталь дөңгелек /3/ атына сай жазық бұрышты өлшеуіш міндетін атқарады. Ол шыны шығыршықты, оның бетін айнала өзара тең бұрыштық белгілер /0,1,2,....,359 сандармен жазылған градустық және жиырма минуттік сызықшалар/ ойылып салынған. Қатарлас жатқан сызықшалар арасындағы 20’-тік доға горизонталь дөңгелектің бөлік нарқы деп аталады.
Бұрыштың өлшем алу тетігі-оптикалық микроскоптың /4/ атқаратын міндеті ерекше. Ол горизонталь немесе вертикаль дөңгелектен алынатын бұрыштық өлшемді жоғарғы дәлдікпен оқудың бірден-бір кепілі. Микроскоп нарық сызықты /штрихты/ және меже сызықты /шкалалы/ болып екі түрге бөлінеді. Микроскоп көз аясындағы көрініс-горизонталь «Г» және вертикаль «В» дөңгелектеріндегі бұрыштық бөліктер АВ жарық сәулесімен жеткізілу арқылы пайда болады. Микроскоптан өлшем алу индекс сызығымен орындалады.
Вертикаль дөңгелек /5/ те шыны шығыршықты, горизонталь дөңгелектегі сияқты бұрыштың бөліктері бар НН білігімен қоса айналатын дөңгелек. Оның атқаратын міндеті-көлбеу бұрышты өлшеу. Бұрыштық өлшем алу жөніндегі жоғарыда айтылды.
Дүрбі /6/ нысаналану міндетін атқарады. Ол объектив, окуляр, фокустаушы /айқындаушы/ линза, қыл сызықты тормен жабдықталған . Дүрбі бақан-тіреулер /7/ үстінде орналасқан НН горизонталь білігі төңірегінде тіке жазықтықта ғана айнала алады.
Дүрбіні нысаналау дегеніміз ондағы қыл сызықты тордың қайсібір сызығын немесе торап нүктесін нысана белгісі кескінімен дәлме-дел беттестіру.
...