Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Карталардағы құбылыстарды картографиялық бейнелеу тәсілдерін зерттеу

Автор:   •  Март 25, 2021  •  Реферат  •  1,781 Слов (8 Страниц)  •  1,178 Просмотры

Страница 1 из 8

                            ҚР  білім және ғылым министрлігі

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

[pic 1]

     Зертхана №7

Тақырыбы: Карталардағы құбылыстарды картографиялық бейнелеу тәсілдерін зерттеу

                                                      Қабылдаған: Исабаева С.Д

                                               Орындаған: Бірлес Д.Н

                                                     

Алматы 2021

Картографиялық бейнелеу тәсілдері -  объектілерді, құбылыстарды, процестерді кеңістікте орналастыруды, олардың тіркесімдерін, байланыстарын және дамуын көрсету үшін карталарды жасау кезінде қолданылатын шартты белгілер жүйелері.  Картографиялық бейнелеудің тәсілдері:

  1. Изолиния тəсілі.
  2. Ареал тəсілі.
  3. Сапалы фон тәсілі.
  4. Сандық фон тәсілі.
  5. Значокты тәсіл.
  6. Нүктелі тәсіл.
  7. Сызықтар қозғалысы.
  8. Картограмма тәсілі.
  9. Картодиограмма тәсілі.

Изолиния тəсілі                                                                        Изолиния тəсілі картада бірқалыпты өзгеріске ұшырайтын жəне картографияланатын аумақта үздіксіз таралатын (мысалы рельеф, температура жəне т.б.) құбылысты көрсетуде қолданады. Картографияланатын құбылыстын сипаттамасын көрсету үшін құбылыстың бірдей көрсеткіш нүктелерін қосатын арнайы қисық сызықтар жүргізеді. Ол сызықтар изолиниялар деп аталады.                                                 Изолинияны құру үшін картада шамалары белгілі немесе берілген құбылыстын көрсеткіштерінің қажетті пункттер саны болуы керек. Мысалы изотерманы құру үшін температураны градуспенен білу керек, изогипсты құру үшін – абсолютті немесе қатынасты биіктіктерді білу керек жəне т.б. Шамалары бірдей нүктелерді сызықтармен қосу арқылы изолиниялады алады.

Бірдей абсолюттік биіктіктерді косатын сызықтар изогипс (горизонтальдар) деп аталады, бірдей тереңдік нүктелерді біріктіру сызығы - изобаттар деп аталады , ал бірдей температураны біріктіретің нүктелер сызығы - изотермалар деп аталады, бірдей қысымды біріктіретің нүктелер сызығы - изобаттар деп аталса тең магниттік бұрылысты біріктіретің нүктелер сызығы - изогондар деп аталады.

        [pic 2]

     1-сурет.  Изолиниялар

Ареал тəсілі                                                                                Қандай да бір құбылыстын таралу аумағын ареал деп атайды.

Ареал  - жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері жəне т.б.) таралған атырабы; физикалық жəне қоғамдық географияда қолданылатын ұғым.

        Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар абсолюттік жəне салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын жəне өсімдіктердің түрлерін көрсетеді.        

[pic 3]

 2-сурет. Ареал түрлері

Сапалы фон тәсілі                                                                Сапалы Фон тәсілі тұтас немесе жаппай таралған құбылыстарды бинелеу үшін пайдаланылады және аумақтың қандай да бір табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық белгілері бойынша біртекті учаскелерге сапалы бөлінуін (аудандастырылуын) көрсетеді.                                                  Бір типті учаскелер осы тип үшін қабылданған түске боялады немесе белгіленген штрихпен жабылады немесе белгілі бір түрдегі белгішелермен толтырылады немесе карта аумағында белгіленген учаскелердің шекарасында жазулар орналастырылады. Карточкалардың оқылуын жақсарту үшін индекстерді (әріптерді) немесе сандарды қолдануға болады, әсіресе егер бөлінген учаскелер көп болса және олардың арасында типологиялық қайталанатын болса.

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club