Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инженерлік геодезиялық тірек желілері

Автор:   •  Октябрь 21, 2024  •  Контрольная работа  •  1,950 Слов (8 Страниц)  •  27 Просмотры

Страница 1 из 8


Кіріспе

Инженерлік-геодезиялық жұмыстар ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды, әуежайларды, гидромелиорациялық жүйелерді, орман шаруашылығы және орман инженерлік объектілерін іздестіру, жобалау, салу және пайдалану жөніндегі жұмыстар кешенінің маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жұмыстар негізінен құрылыстың құны мен сапасын, сондай-ақ инженерлік нысандарды кейінгі пайдалану шарттарын анықтайды. Сондықтан құрылыс инженері, жерге орналастыру инженері, орман шаруашылығы инженері дәстүрлі геодезия әдістерін жақсы білуі керек.

Оларды біле отырып, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңінде қажет инженерлік-геодезиялық жұмыстардың жаңа жоғары өнімді әдістерін игеруге болады.

«Инженерлік геодезия» пәні  6B07302 «Геодезия және картография», 6B07303 «Сандық аэрофототүсірілім» білім беру бағдарламалары бойынша негізгі ғылымдардың бірі. «Инженерлік геодезия» пәні маманды дайындау кезінде негізгі міндетті атқарып, келешекте пәндерді оқу үшін негізгі түсініктерді береді.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер инженерлік-геодезиялық тірек торы туралы, торлардың дәлдігін бағалау және есептеу әдістері туралы; әртүрлі инженерлі ғимараттарды салу ерекшеліктерін, арнайы құрылыс ғимараттарын салу технологиясы туралы түсінікке ие болуға; геодезиялық жұмыстар технологиясы және құрылымын; құрылысты жобалауды; құрылыс кезіндегі әртүрлі инженерлі-геодезиялық міндеттерді, олардың геометриялық мәнін шешуді және оларға қойылған негізгі міндеттерді білуге; топогеодезиялық материалдарды қолдануды, топографиялық карталарды оқуды; онда әртүрлі графиктік және математикалық міндеттерді және сол сияқты геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізуді істей білуге; геодезиялық аспаптармен жұмыс істегенде оларды тексеруді, бұрыштық және сызықтық өлшеулерді орындауды; өлшеулерді өңдеуде, қазіргі заманғы геоинформациондық технологияны қолдануда практикалық дағдыларды меңгеруге міндетті.

Әдістемелік нұсқауларда тура және кері геодезиялық кертпе, құрылыс торын болмысқа шығару үшін берілістерді дайындау, горизонтальды бұрышты болмысқа шығару, жобалық белгіні болмысқа шығару, бұрылысты негізгі нүктелерде бөлу есебі, қисықты нақтылап бөлу туралы толық жазылып келтірілген.


1 Инженерлік геодезиялық тірек желілері

Геодезиялық желі (тор) дегеніміз жоспарлы орналасуы мен биіктігі геодезиялық өлшеулер арқылы координаттар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде анықталған жергілікті жерде бекітілген және белгіленген пункттердің жиынтығы. Геодезиялық желілер ғылыми мақсатта, сондай-ақ ел аумағын зерттеу және игеру үшін, оның ішінде шаруашылық іс-шараларды: құрылыс, мелиорация және т. б. жобалау және жүргізу үшін түсіру және іздестіру үшін салынады.

Геодезиялық желілер мақсаты бойынша жоспарлы және биіктіктік деп бөлінеді. Өлшеу дәлдігі, орналастыру алаңы және пункттердің тығыздығы бойынша геодезиялық желілер мемлекеттік, жергілікті − жиелендіу және түсіру желілері болып бөлінеді.

Мемлекеттік геодезиялық желілер – 1, 2, 3, 4 кластарға бөлінеді және триангуляция, трилатерация, полигонометрия түрлерімен құрылады.

Триангуляция әдісі үшбұрыштар жүйесінен құрылады. Үшбұрыштың барлық бұрыштары мен бір базистік сызығының ұзындығы өлшенеді.

I разрядты триангуляция жақтары 1-5 км-ге дейінгі үшбұрыштар торлары түрінде дамиды. Мұнда бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қателігі mβ=±5”. Базис немесе шығыс жағынан қатысты өлшеуінің қателігі 1/50000.

II разрядты триангуляция I разряд сияқты дамиды. Олар тура, кepi, аралас кертпе әдістерімен дамиды. Үшбұрыштар жақтарының ұзындығы 0,5-3 км-ге дейін mβ = ± 10”. Шығыс жағының қатысты қателігі 1/20000 болады.

Полигонометрия әдісі торларды құру қиынға соққан кезде және экономикалық пайдалы емес болған жағдайда жергілікті жердің жағдайында (таулар, өзендер, т.б.) қолданылады. Горизонтальды бұрыштар мен ұзындықтар өлшенеді.

Трилатерация әдісінде үшбұрыштар жүйесінде барлық жақтардың ара-қашықтықтары өлшенеді. Ал, горизонталь бұрыштар арақашықтықтар көмегімен есептеледі. Пункттердің координаталары дирекциондық бұрыштар арқылы есептеледі.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (587.9 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club