Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Инженерлік калькулятор” программасын құру

Автор:   •  Май 10, 2019  •  Курсовая работа  •  4,489 Слов (18 Страниц)  •  957 Просмотры

Страница 1 из 18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Политехникалық факультеті

        “Ақпараттық жүйелер” кафедрасы        

Қорғауға жіберілсін “___”_________  ____ ж.

                                                                           Жетекші:_______ Ж.С. Муталова

“Объектілі-бағытталған бағдарламалау (delphi тілі)”пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: “Инженерлік калькулятор” программасын құру

Жобаны орындаған студент:

Шифр:    Тобы:  

Мамандығы :  Ақпараттық жүйелер

Курстық жоба қорғалды (бағасы)  _________________

Жетекші: _______ а.о. Муталова Ж.С

Орал 2015

Мазмұны

Кіріспе

        1. Негізгі бөлім

1.1 Есептеуіш машинаның даму тарихы                                        3

1.2 Delphi тарихы        5

1.3 Delphi-дің 7 версиясымен танысу        7

1.4 Delphi ортасымен танысу        8

1.5 Құрал саймандар батырмалары        9

              2. Практикалық бөлім

2.1 Есеп мақсаты          11

2.2 Программалар код терезесі          11

2.3 Есептің алгоритмі            12

3. Қорытынды

          Есепті қорытындылау

          Пайдаланылған әдебиеттер

          Косымша А

Кіріспе

Ақпарат қоғамның өмір сүруінің барлық кезеңінде де адамдардың тіршілігі мен қызметінің негізгі факторы болып табылады. Ақпаратты пайдалану сипаты да өзгеруде. Қазіргі ортаның даму өрісі ақпараттық процесстерді, яғни ақпаратты жинау, жеткізу, сақтау, өңдеу, беру және қабылдауға байланысты барлық операцияларды қамтитын процестерді автоматтандыру қажеттігін туғызады.

  Соңғы жылдары бағдарламалауға деген қызығушылықтың артуы  ақпараттық технологияның дамуымен және оның күнделікті өмірге енуімен тығыз байланысты.  Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналды.

Осы курстық жобаның басты мақсаты Delphi тілінде жазылған инженердік калькулятор  және кез - келген қолданушы компьютерінін аз қуаттылығына қарамастан еркін пайдалану, күрделі математикалық есептеулерді тез әрі жеңіл шешімін шешу мақсатында  мүмкіндіктерін жасау болып табылады.

Курстық жобаның міндеті: математикалық функцияларды есептеуге арналған электрондық калькулятор ретінде қолдануға болады.

Курсты  жобаның нысаны: қарапайым арифметикалық және күрделі инженерлік есептеулерді есептейтін калькулятор.

         Зерттеу пәні: объектілі-бағытталған бағдарламалау: Borland Delphi 7 тілі.

1. Негізгі бөлім

1.1 Есептеуіш машинаның даму тарихы

50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы – бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).

Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соғы кездері техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, масасы, энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

...

Скачать:   txt (57.8 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (694.1 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club