Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тірек жолын таңдау

Автор:   •  Октябрь 13, 2019  •  Реферат  •  5,247 Слов (21 Страниц)  •  642 Просмотры

Страница 1 из 21

I ТІРЕК ЖОЛДАРЫН ТАҢДАУ

1.1 Тірек жолын таңдау

Байланыс кабелі - әртүрлі жиіліктегі немесе оптиқалық сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмма, телефон, телеграф, теледидар және радио хабарларын түрлі деректерді, телемехаиканикалық сигналдарды т.б.) жеткізуге арналған кабель. Ол құрылымы бойынша: симметриялық,коаксиалды талшықты оптикалық болып бөлінеді. Байланыс кабелі жеткізілетін тоқтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті. Байланыс кабелі қолдану аясына қарай алыс қашықтық, байланыс кабелі (қалааралық) және жергілікті байланыс кабелі (калалық,ауылдық,т.б.); кабель тарату тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және ауа байланыс желілері болып ажыратылады. Электрлік байланыс кабелінің тоқ өткізгіш өзекшелері, әдетте, мыстан, оқшаулағышы қағаздан немесе полимерден, ал қабықшасы қорғасыннан немесе алюминийден жасалады. Талшықты-оптикалық байланыс кабелі қорғағыш қабықша (фторпластан, поливинил хлоридтен, т.б. жасалған) ішіне орналасқан жарық өткізгіш талшықтардан құралады. Қазір таңда оптикалық байланыс кабелі жиі қолданылады, себебі ол басқаларына қарағанда арзанға түседі, әрі онымен берілетін сигналдың сапасы төмендемейді.

[pic 1] Сурет 1.1 Тараз-Алматы тірек жолының картасы  

        Ең қарапайым желі кем дегенде 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер-құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқада ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратымен басқалармен бөлісу мүмкіндігін туғыза алмайды бірнеше компьютердің және олардың басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды.

Тұжырымдамалық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады.желіде компьютермен бірге принтерлерді, модемдерді өзге де құрылғыгаларды қолдануға болады.

        

ІІ КАБЕЛЬ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КАБЕЛЬДІК БАЙЛАНЫС

2.1 Кабель, кабель түрлері

Кабель  голланд тілінен аударғанда «kabel» –сымдыарқан деген мағынаны білдіреді.

Кабель деп – бір немесе бірнеше ток өткізгіш талсымдардан, талсымдар бір бірінен оқшаулама қабатпен ажыратылған, сыртқы қорғаныш қабаты бар өткізгіш.

Кабельдің қолданылу мақсаты: электр энергиясы немесе сигналдарды алыс қашықтыққа жеткізу үшін.

Кабель қолдану мақсатына қарай:

  • күш кабелі (электр энергиясын тасымалдауға арналған);
  • байланыс кабелі (сигнал тасымалдауға);
  • радиожиілікті кабель (жоғары жиілікті сигналдарды тасымалдауға арналған).

Кабельдің құрылымы немесе структурасы оның қолдану мен тарту ортасына байланысты.  Сондықтан, олар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • ауа байланыс желісінде;
  • жер асты;
  • су асты.

Кез келген кабельдерге ортақ элементтер: өзекше (тоқ өткізгіш сым), оқшаулама және сыртқы қорғаныш қаптама. Тоқ өткізгіш өзекше көбіне: мыс және алюминийден болады.

Қолданылу мақсатына байланысты кабельдер сымдары: бір немесе көп сымды (бірнеше сымдардың оралған тобы) болып бөлінеді.

Кабель оқшауламасы міндетті түрде диэлектрлік материалдан жасалынады. Олар: полиэтилен, поливинилхлорид, стирофлекс, фольга, кордель кағаздары .т.б.

Оқшаулама сыртқы климаттық (ылғалдылық) және химиялық заттар әсерлерден болатын ақаулардан қорғайды.

Ал, сыртқы резиналы қаптама (болатты лента; қалыңдығы - 0,3-0,8мм) болса, кабельдің ішкі элементтерін коррозия, механикалық зақымдану мен әртүрлі климаттық факторлардан қорғайды.

Кабель түрлері:

- коаксиальды;

- симметриялық;

- талшықты оптикалық.

        Кабельдік изоляциялар келесі материалдардан болады:

Қағаз – сульфатты целлюлоздан алынады, изоляция жиласына арналған. Қаларалық кабельдерде 0,12 және 0,17 мм қалыңдықтағы қағаздар қолданылады және қағазды монтаждауда оңай болу үшін: қызыл, көк, жасыл түстерге боялынады.

...

Скачать:   txt (52.5 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club