Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу
Автор: t.tleukabylovna • Октябрь 6, 2021 • Лабораторная работа • 697 Слов (3 Страниц) • 658 Просмотры
-универ аты-
МІ және К кафедрасы
Зертханалық жұмыс №1
Пәні: Геодезия
Тақырыбы: Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу
Жетекші:
Орындаған:
-жылы-
Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу
Жұмыстың мақсаты: рельефтің маңызы мен негізгі пішіндерін зерттеу, оны жоспарлар мен вертикаль қималарда кескіндеу тәсілі.
Керекті құрал-жабдықтар: тапсырма қағаз, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түйреуіш, 10х10см2 аумақты мөлдір қағаз (калька).
Жұмыстың орындалу жоспары:
- Жер бедері қаңқасын құру.
- Параллель сызықты палетка дайындау.
- Биіктерді интерполяциялау.
- Горизонталь иректерін жүргізу.
- Жер бедерінің кескінін салу.
- Профиль салу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
- Жер бедері қаңқасын құрудағы ең басты қажеттілік- интерполяциялау бағытын анықтау. Бұл үшін тапсырма қағаздағы биіктік нүктелерді төрт-төрттен топтастырып,оларды тең төте тартылған сызықпен қоссақ, дұрыс үшбұрышты тізбек пайда болады.Міне осы тізбектегі әр бір қабырға сызығы интерполяциялау бағыты болмақшы.
- Аумағы 10х10см² мөлдір қағазды тор сызықты дәптер бетіне жайғастырып дәптер сызығын бойлай отыра параллель түзулер жүргізіледі.Әр бір сызық бойында 38,39,40...47 сандары жазылады.Параллель сызықты палетка осылай дайындалады.
- Биіктерді интерполяциялау дегеніміз биіктігі қима биіктікке еселі нүктелерді табу.Оның екі тәсілі бар:графикалық және аналитикалық.Палетканы интерполяциялау бағытымен сәйкестіріп қойған соң интерполяция бағытының палетка сызықтары мен қиылысу нүктелері түйреуіштеледі.
- Тапсырма қағаз бетіндегі аттас биіктік нүктелерін қудалап, оларды өзара ирелең сызықпен жалғастырсақ жер бедерін горизонталь иректерімен кескінделген бейнесі шығады.Горизонталь ирегінің түсі қоңырқай болады.
- Профиль жер бедерінің тіке тіліктегі көрінісі.Оны салу горизонталь және вертикаль масштаптары арқылы орындалады.Тапсырма қағаз бетіндегі АВ сызығына сызғыш қыры жинастырылады да оған горизонталь иректерінің осі АВ сызығымен қиысу нүктелеріндегі биіктіктер: 41,42,43...46 сандары белгіленіп жазылады.
Жоспарлар мен карталарда жер рельефін кескіндеу үшін горизонтальдау әдісі қолданылады.
Горизонталь – жер бетінің нүктелері бірдей биіктіктермен жалғайтын бірыңғай қисық сызық.
Жоспарда тауды шұңқырдан айыру үшін кейбір горизонтальдарға құлама бағыты бойынша берштрихтар деп аталатын сызықшалар қойылады.
Интерполяциялау – абсолюттік биіктіктерді табу.
Жер рельефін кескіндеумен басқа горизонталь жазықтықта (жоспарда немесе картада) инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде вертикаль жазықтықта жер қимасын, яғни кескінін салу қажет. Құрылыс түріне қарай масштабтарды таңдайды, осы кезде горизогталь масштаб, ережеге сай вертикальдан 10 есе ұсақ. Жоспарда берілген А-В бағыты бойынша кескінін салу үшін қағаз бетінде А-В сызығының ұзындығына тең горизонталь кесінді жүргізеді. Осы кесіндіде А-В сызығының жоспар горизонтальдарымен қиылысу нүктелерінің орнын белгілейді. Осы нүктелерден ұзындығы сәйкес абсолюттік белгілер мен шартты горизонт (ШГ) айырмасына тең перпендикулярларды қалпына келтіреді. Шартты горизонтты, кескін ШГ жоғары орналасатындай етіп таңдайды. Бір қалыпты сызықтың перпендикулярлар шеттерін қосып, берілген бағыт бойынша жер кескінін алады.
...