Жергілікті жер бедерін горизонтальдармен бейнелеу
Автор: O-31 Жанерке Байдилдина • Сентябрь 17, 2022 • Лабораторная работа • 534 Слов (3 Страниц) • 215 Просмотры
Жергілікті жер бедерін горизонтальдармен бейнелеу
Жұмыстың мақсаты: Берілген биіктік нүктелерді өз аралык интерполяциялау арқылы горизонталь иректерін жүргізуге машыктану, жер бедері кескін алу. профиль салуды білу.
Керекті құрал - жабдыктар: тапсырма қағаз, сызғыш, карындаш, шіргіш, түйреуіш, 10х10 см аумақты мөлдір кагаз (калька).
Жұмыстың орындалу жоспары :
- Жер бедері қаңқасын құру .
- Паралель сызықты палетка дайындау .
- Биіктерді интерполяциялау .
- Горизонталь иректерін жүргізу .
- Жер бедерінің кескінін салу .
- Профиль салу
Жұмыстың орындалу тәртібі :
- Жер бедері қаңқасын құрудағы қажеттілік – интерполяциялау бағытын аныктау . Бұл үшін тапсырма кагаздағы биіктік төрт - төрттен топтастырып , оларды өзара тең төте тартылған сызыкпен қоссақ , дұрыс үшбұрышты тізбек пайда болады . Міне осы тізбектегі әр бір қабырға сызығы интерполяциялау бағыты болмақшы .
- Аумағы 10х10 см мөлдір қағазды тор сызықты дәптер бетіне жайғастырып дәптер сызығын бойлай отыра паралель түзулер жүргізіледі . Әр бір сызық бойында 47 , 48 , 49,58 сандары жазылады . Параллель сызықты палетка осылай дайындалады .
- Биіктерді интерполяциялау дегеніміз биіктігі қима биіктікке еселі нүктелерді табу . Оның екі тәсілі бар : графикалық және аналитикалық. Палетканы интерполяция бағытымен сәйкестіріп қойған соң интерполяция бағытының палетка сызықтары мен қиылысу нүктелері түйреуіштеледі .
- Тапсырма қағаз бетіндегі аттас биіктік нүктелерін қудалап , оларды өзара ирелең сызықпен жалғастырсақ жер бедерін горизонталь иректерімен кескінделген бейнесі шығады . Горизонталь ирегінің түсі қоңырқай болады
- Профиль жер бедерінің тіке тіліктегі көрінісі . Оны салу горизонталь және вертикаль масштаптары арқылы орындалады . Тапсырма қағаз бетіндегі AB сызығына сызғыш қыры жинастырылады да оған горизонталь иректерінің ос AB сызығымен қиысу нүктелеріндегі биіктіктер : 52 , 53 , 54 .... 56 сандары белгіленіп жазылады.
Жер беті ойлы қырлығының жиынтығы жер бедері (рельеф) деп аталады. Он табиғи көрінісі жазык, тау (төбе), қазан шұңқыр, ойпат, жота, алқап, бе сияқты болады. Жер бедері геодезиялық құжатнамада (карта, план, проф. кескінделу керек. Егер, жер бедері геодезиялық құжатнамада кескінделме жер бетін игеру және оның халық шаруашылығы қажеттілігіне пайда мүмкін емес.
...