Геодезиялық бөлу жұмыстары
Автор: 91_aiger • Ноябрь 1, 2023 • Лекция • 1,096 Слов (5 Страниц) • 261 Просмотры
7 дәріс Геодезиялық бөлу жұмыстары
Жобаланған ғимараттарды натураға көшіру мақсатымен орындалған геодезиялық жұмыстар бөлу жұмыстары деп аталады, Жергілікті жерде ғимараттың конструктивті элементтері мен бөліктерінің жобалық жағдайын анықтайтын бөлек нүктелер, осътер мен белгілерін көшіру және бекіту жұмыстары болып табылады. Алдымен құрылыс алаңының бөлу торабының пункттерінен жергілікті жерде негізгі (бастапқы) бөлу осътерінің орналасуын анықтап, оларды ғимараттың сыртқы бөлу торабының пункттерімен бекітеді. Сосын әуелгі және басқа монтаждық горизонттарда негізгі (бастапқы) осътерді бекітетін пункттер түрінде ғимараттың ішкі бөлу торабын құрады. Тек содан кейін ғимарат құрылысының барлық этаптарына қажетті толық бөлу жұмыстарына кіріседі.
Ғимарат күрделі конфигурациялы немесе ірі өлшемді болса, сондай-ақ объект құрылымдарының тобы технологиялық байланыста болған жағдайда негізгі осътерді шығарады.
Бөлу жұмыстары – инженерлік-геодезиялық қызметтің негізгі түрі болып табылады. Бұл жұмыстарды жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес құрылып жатқан ғимараттың нүктелері мен жазықтықтарының, сол жердегі жоспарлы және биіктік жағдайларын анықтау мақсатында жасайды.
Ғимараттың жобасын ірі масштабты топографиялық пландарда құрастырады. Жобаланған ғимараттың орнын көршілес заттармен және жарық жақтарына қатысты анықтайды. Сонымен қатар, топографиялық план - жалпы геодезиялық координаталар жүйесін және соған сәйкес жобаланған ғимарат нүктелерінің орналасқан орнын анықтайды.
Бөлу жұмыстары негізінен түсіру жұмыстарына керісінше болып келеді. Түсіру кезінде геодезиялық тірек пункттеріне қатысты нүктелердің координаталары өлшенеді. Осы өлшеулердің дәлдігі түсірістің масштабына тәуелді. Ал бөлу кезінде, керісінше жобада берілген координаталар бойынша, жер бетінде, дәлдігі алдын ала берілген нүктелерді табады. Бөлу жұмыстары кезінде бұрыш, ара қашықтық және қателіктері өлшенбейді. Осылар бөлу жұмыстарының негізгі ерекшеліктері болып табылады.
Геодезиялық бөлу жұмыстарына жер бетінде жоба бұрыштарын, арақашықтықтарды, жоба биіктігі белгілі нүктелерді және жоба ылдилығы белгілі жазықтықтарды салу жатады.
Бөлу жұмыстарына қажет дәлділік көптеген факторларға тәуелді болады, олар: ғимарат түрі, мақсаты мен орналасуы; ғимараттың көлемі мен оның бөліктерінің өзара орналасуы; ғимараттың жасалған материалы; құрылыс жұмыстарын жүргізудің реті мен әдістері; пайдаланудың технологиялық ерекшеліктері және т.б. Көп жағдайда теориялық жағдайларға сәйкес құрылыс конструкцияларының енгізілуіне нормалар беріледі және олардан бөлу жұмыстарының дәлдік сипаттамалары тек есептеу жолымен ғана алынады. Нормативтік құжаттар мен сызбалардағы геометриялық параметрлерінің дәлдігін симметриялық қателіктерінің шектері [pic 1][pic 2]түрінде көрсетіледі.
Есептеулер үшін айырманы [pic 3][pic 4] пайдаланады, ол параметрдің ең кіші және ең үлкен жобалық мәні болып табылады. Сол мәнді мүмкін (шекті) ауытқулар немесе орташа квадрат қателік деп атайды.
Қателіктің шектерінен шекті және орташа квадрат қателікке көшу келесі формуламен есептеледі:
[pic 5][pic 6] (2)
Осындай амалмен, егер геодезиялық бөлу жұмыстарында нормативтік құжаттарда көрсетілетін қате шектерді пайдаланса, онда формула көмегімен геодезиялық өлшеулердің әдістері мен амалдарын таңдау үшін дәлдік көрсеткіштерді алуға болады.
...