Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Лабораторная работа  •  1,966 Слов (8 Страниц)  •  1,153 Просмотры

Страница 1 из 8

КІРІСПЕ

«Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар» пәнінің предметі ауданды анықтау, танаптар мен жұмысшы учаскелерді жобалау және жобалық элементтерді натураға көшіру әдістері мен тәсілдері болып табылады.

Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық іс-қимылдар келесідей топтарға бөлінеді:

1. дайындық жұмыстармен (жобалау алдындағы дайындық) байланысты геодезиялық іс-қимылдар: план жасау, пландағы әртүрлі элементтердің дәлдігін анықтау, жер пайдаланушылықтардың межелерін қалпына келтіру, пландарды түзету;

2.  жерге орналастырудың эскиздік, техникалық және жұмысшы жобаларын жасаумен байланысты геодезиялық іс-қимылдар;

3. жобаны натураға (жер бетіне) көшірумен байланысты геодезиялық іс-қимылдар.

Жоғарыда аталған геодезиялық іс-қимылдарға сәйкес студент семестр ішінде үш лабораториялық жұмыс орындайды. Мұндағы негізгі мақсат графикалық, аналитикалық және механикалық тәсілдермен ауданды есептеудің, жобалаудың және жобаны натураға көшірудің әдістемесін меңгеру болып табылады.

Студент жерге орналастырулық жобалауды әрі қарай меңгеру үшін осы тәсілдерді тиімді қолдануды және графикалық құжаттарды дұрыс рәсімдеуді білулері тиіс.

Лабораториялық және өзіндік жұмыстар тапсырмаларын орындау пәннің жұмысшы бағдарламасына сәйкес қарастырылған.

Лабораториялық жұмыстар өзіндік жұмыстың графигімен және күнтізбелік планның белгіленген мерзімінде оқытушыға тапсырылып, оларды қорғау арқылы бағаланады.

Мазмұны және тапсырмаларды орындау әдістемесі

1 Ауданды анықтау кезіндегі геодезиялық жұмыстар

Ауданды анықтаудың келесідей тәсілдері бар: аналитикалық, графикалық, механикалық және біріктірілген.

Аналитикалық тәсілде аудан, жер бетіндегі бұрыштар мен сызықтарды өлшеу нәтижелері немесе олардың функциялары - координаталар бойынша анықталады. Бұл ең дәлірегі болып табылады және межелері бойынша теодолиттік жүріс болғанда қолданылады.

Графикалық тәсілде аудан, планнан масштаб бойынша алынған мәліметтер бойынша есептеледі. Оның дәлдігі төмендеу, әдетте ол сынық сызықтармен шектелген массивтерге қолданылады. Мұнда учаскенің ауданы кіші болған сайын оның ауданы үлкен қателікпен анықталады. Ал үлкен аудандарды бұл тәсілмен анықтау дәлдігі аналитикалық тәсілмен алынған дәлдікке жақын болады.

Механикалық тәсілде аудан инструменттер мен құралдардың (планиметр, палетка) көмегімен анықталады. Бұның дәлдігі төменірек, бірақ кез келген күрделі конфигурациялы учаскелерге қолдануға болатындықтан, өте кең таралған.

1.1 Лабораториялық жұмыстар

1.1.1 Лабораториялық жұмысты орындау үшін ватманның (А2 форматты) стандартты парағының жартысына координаталар торы (километрлік) құрылады. Жер пайдаланушылық планы координаталар торына жарықпен көшіру арқылы түсіріледі. Мұнда жер пайдаланушылықтың ауданы тордың бүтін квадраттарын мүмкіндігінше максималды мөлшерде қамту үшін, оның межелері координаталар торымен сәйкес келуі тиіс.  

1.1.2 Савич тәсілі бойынша жер пайдаланушылықтың жалпы ауданы есептеледі. Бұл тәсіл, шекаралары табиғи урочищалар бойынша қисық сызықтар арқылы өтетін үлкен көлемді аудандарды есептеу үшін қолданылады. Мұнда тордың бүтін квадраттарына енген жер пайдаланушылық бөліктерінің ауданы олардың саны бойынша (сурет 1), ал квадраттардың сыртына шығып жатқан бөлігі (а1, а2, …. аi) графикалық немесе графо-механикалық тәсілдермен есептеледі. Бақылау жүргізу үшін тордың бүтін квадратына дейін толықтыратын бөліктер (в1, в2, … вi) мына формуламен есептеледі:

а1+в1=Р,                                                      (1)

бұнда аi – жер пайдаланушылық учаскелері орналасқан секцияның ауданы;

вi – жер пайдаланушылық учаскелері орналаспаған секцияның ауданы.

      Р – жер пайдаланушылық планының масштабына байланысты координаталар торының бүтін квадратының ауданы.

   

в1

в2

в3

а1

а2

а3

1

2

а4

в4

3

4

5

а5

в5

6

7

8

а6

в6

Шартты белгілер:

     1, 2, …, n – бүтін квадраттар нөмірлері;

аi – жер пайдаланушылық учаскелері орналасқан секцияның ауданы;

вi – жер пайдаланушылық учаскелері орналаспаған секцияның ауданы.

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (132.9 Kb)   docx (26.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club