Аумақтық жоспарлау және жерді пайдалануды болжау
Автор: Ayauka Zakir • Апрель 26, 2025 • Курсовая работа • 2,463 Слов (10 Страниц) • 161 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Аумақтық жоспарлау және жерді пайдалануды болжау
Қабылдаған: Усипбаев Н.Б.
Орындаған: Закир А.А., Жубаева Ж.Ж.
Алматы 2025ж
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Аумақтық жоспарлау және жерді пайдалануды болжаудың теориялық негіздері
1.1 Аумақтық жоспарлау ұғымы және оның маңыздылығы
1.2 Жерді ұтымды пайдалану ұғымы және негізгі принциптері
1.3 Аумақтық жоспарлауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер
2. Шымкент қаласы Абай ауданының қазіргі жағдайына талдау
2.1 Абай ауданының географиялық және әкімшілік сипаттамасы
2.2 Жер ресурстарының қазіргі жағдайы мен жер пайдалану құрылымы
2.3 Абай ауданындағы жер пайдалануда кездесетін мәселелер мен проблемалар
3. Абай ауданы аумағын болашақта тиімді жоспарлау бойынша ұсыныстар
3.1 Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар
3.2 Жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар
3.3 Аумақтық жоспарлауда заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Қазақстанда урбанизация үдерісі жыл сайын қарқын алып келе жатқанымен, көптеген қалаларда аумақты тиімді игеру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Бұл өз кезегінде қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына, тұрғындардың өмір сүру сапасына және экологиялық жағдайға тікелей әсер етеді. Осындай мәселелерді шешу үшін аумақтық жоспарлау мен жерді пайдалануды болжау саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік ұсыныстардың маңызы зор.
Шымкент қаласы — Қазақстандағы халқы ең тығыз орналасқан және жылдам дамып жатқан мегаполистердің бірі. Қала ішіндегі Абай ауданы — аумақтық құрылымы жағынан аса маңызды аудандардың бірі болып табылады. Ауданның қарқынды дамуы мен урбанистік кеңістіктің тығыздалуы, халық санының өсуі және инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуы — осы курстық жұмыста қарастырылатын басты зерттеу мәселелерінің қатарында.
Курстық жұмыстың мақсаты – Шымкент қаласының Абай ауданы мысалында аумақтық жоспарлау мен жерді пайдалануды талдау, болашақтағы даму мүмкіндіктерін болжау және ұтымды шешімдер ұсыну. Бұл мақсат аумақтың қазіргі жағдайын кешенді зерттеуді, сондай-ақ жоспарлау құжаттарын саралауды талап етеді.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
* Абай ауданының географиялық, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ерекшеліктерін зерттеу;
* Аудан аумағындағы қазіргі жер пайдалану құрылымын анықтау және бағалау;
* Жер ресурстарын тиімді пайдалануға кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтау;
* Аумақтық жоспарлау бойынша ұсыныстар мен болжамдық шешімдер әзірлеу.
Зерттеудің өзектілігі бүгінгі таңда елді мекендердегі жер ресурстарының тапшылығы, тұрғын үй құрылысының ұлғаюы және инфрақұрылым нысандарына деген
...