Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыртқы орта факторлардың (химиялық) әсеріне байланысты хромосомалық аберрациялардың пайда болуы

Автор:   •  Ноябрь 1, 2024  •  Реферат  •  699 Слов (3 Страниц)  •  23 Просмотры

Страница 1 из 3

Сыртқы орта факторлардың (химиялық) әсеріне байланысты хромосомалық аберрациялардың пайда болуы.

Жоспар:

1. Хромосомалық аберрация дегеніміз не? 2.Мутация

3.Хромосомалық аберрация түрлері 4.Химиялық факторлар 5.Бензолдың әсері

6.Бензолдың әсері туралы тәжірибе 7.Қорытынды

Хромосомалық аберрация дегеніміз не?

Хромосомалық аберрация дегеніміз хромосома құрылымын өзгертетін мутацияның түрі. Мутация (лат. mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын

генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.

Хромосомалық аберрация — бұл хромосомалар құрылымында немесе санына қатысты өзгерістер. Бұл өзгерістер генетикалық материалдың жоғалуына, қосылуына немесе қайта құрылуына әкелуі мүмкін. Хромосомалық аберрациялар генетикалық мутациялардың бір түрі болып табылады және олар жасуша бөліну кезінде қателіктерге, радиация немесе химиялық заттардың әсерінен туындауы мүмкін.[pic 1]

Хромосомалық қайта құрылулар организмде морфологиялық белгілердің өзгерісін тудырады. Хромосомалық қайта құрылулар организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай төмендетеді, кейде өлімге де алып келеді. Бұл эволюцияда айтарлықтай рөл ойнайды.[pic 2]

Хромосомалық аберрациялардың негізгі 2 түрі бар:

Құрылымдық аберрациялар: Бұл жағдайда хромосомалардың құрылымы өзгереді. Мысалы: Делеция — хромосоманың бір бөлігінің жоғалуы;[pic 3]

Дупликация — хромосоманың бір бөлігінің қосарлануы; Инверсия — хромосоманың бір бөлігінің 180 градусқа бұрылуы; Транслокация — хромосомалар арасындағы бөліктердің алмасуы.[pic 4]

Сандық аберрациялар: Бұл хромосомалардың санының өзгеруі. Мысалы, адамда қалыпты жағдайда 46 хромосома болуы керек, бірақ анеуплоидия жағдайында олардың саны артық немесе кем болуы мүмкін (Даун синдромы — 21 трисомиясы).

Хромосомалық аберрациялар жасушаның қалыпты жұмысын бұзып, генетикалық ауруларға немесе даму бұзылыстарына әкелуі мүмкін

Химиялық фактор – бұл қоршаған ортаға әсер ететін химиялық заттар мен қосылыстар, олардың адам ағзасына, өсімдіктерге және жануарларға әсері. Мысалы, улы заттар, қышқылдар, ауыр металдар, пестицидтер немесе өндірістік қалдықтар химиялық факторларға жатады. Химиялық факторлар экожүйелерге теріс әсер етіп, адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Соның ішінде химиялық факторлардың хромосомалық аберрацияға әсері туралы айтатын болсақ. Олар хромосомалық аберрациялардың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл факторлар жасушалардағы ДНҚ-ның құрылымына тікелей әсер етіп, генетикалық материалдың бұзылуына және өзгеруіне әкеледі.[pic 5]

Бензолдың хромосомалық аберрацияға әсері:

Бензол дегеніміз- тәтті иісі бар ұшқыш, түссіз сұйықтық. Ол шикі мұнай мен бензиннің табиғи бөлігі болып табылады, сонымен қатар пластмасса, шайыр және синтетикалық талшықтар өндірісінде жиі қолданылады.[pic 6]

Бензол сүйек кемігіне өте уытты және оны тікелей тұтыну лейкоздың әртүрлі түрлеріне әкелуі мүмкін.

Бензолдың адам ағзасына әсері

- Бензол метаболиттері (гидрохинон) ДНҚ тізбектерінің үзілуін және хромосомалық тұрақсыздықты тудыратын реактивті оттегі түрлерін (ROS) түзе алады.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (496.8 Kb)   docx (447.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club