Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеу шаралары
Автор: guldanna • Ноябрь 1, 2019 • Статья • 1,011 Слов (5 Страниц) • 877 Просмотры
УДК 619. 68.41.29
Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеу шаралары
Аманғалиева Г.Ж. , Абдрейм А.Е. ,Байдильдин С.Б.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Аннотация
Бұл мақалада тыныс алу жүйесі ауруларының белгілері,созылмалы түрде өтетін танау қабынулары,танау ауруларының биологиялық процестері, аурудан сақтану және емдеу шаралары қамтылады.
Кілт сөздер
Ринит, аэроцистит, ларингит, бронхит, крупозды қабыну, иммунобиологиялық, гамма-полиглобулиндер, лизоцим.
Тыныс алу жүйесі ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: малдарды күту мен азықтандыру технологиясы бұзылуларынан организмнің сыртқы әсерлерге қарсылық күшінің төмендеуі (уыз еметін және сүтпен қоректенетін кезеңдерде азықтандыру мөлшерлерін сақтамау, ыстық-ылғал тәртібінің бұзылуы, салқын тигізу, ауаның шаңдануы немесе газданып кетуі, серуендетпеу) және микроорганизмдер әсері. Жоғары тыныс алу ауруларына: ринит, жоғары жақ қуыстарының кілегейлі қабықтары қабынуы және маңдай қуысының қабынуы, аэроцистит, ларингит, бронхит жатады. Тыныстану жүйесі ауруларының сақтандыру шаралары мал түрлерін, шаруашылық бағытын және табиғат пен климат жағдайларының ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүргізіледі. Сақтандыру шараларын жоспарлағанда, малды бағып-күту бағытында зоогигиеналық нормативтерді жіне сапалы азықтандыруды бұзбау үшін шаруашылық-ұйымдастыру және ветеринариялық-санитарлық әрекеттер жан-жақты қамтылуы керек. Мал қораларын саларда малдәрігерлік мамандар малға суық тигізбейтіндей жағдай жасалуын: жергілікті жердегі желдің негізгі бағытын есепке ала отырып қораның орнының дұрыс таңдалуын, сазды, балшықты, ойпат, су тасып төгілетін жерлерге қора салдырмауды міндетті түрде қадағалуы керек. Суық тиюден пайда болатын аурулардан сақтандырудағы негізгі жағдайлардың бірі болып мал қораларындағы микроклиматты зоошигиеналық нормативте ұстау болып табылады. Малды арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және өнеркәсіптік кешендерде тығыз орналастырып, мал қораларын өнімді түрде пайдалануына байланысты, олардың ішіндегі микроклиматқа қойылатын талап, норматив жағынан да, физиологиялық мүмкіндіктеріне үйлесімділігі жағынан да, қатардағы қарапайым мал фермаларына қарағанда әлдеқайда жоғары болуы керек. Кешендерде, микроклимат қолайлы жағдайда болып, малдың жастарына, тұқымына және өнімділігіне сәйкестелініп реттелініп тұруы керек. Малды қоныстандырғанға дейін қораларды жөндеп, жабдықтап, желөті тумайтындай, температурасы тәулік ішінде күрт өзгермейтіндей жағдай жасайды. Қораларда, әсіресе шошқа қорасында ылғалдың артық жиналуына жол бермейді. Ол үшін, істелініп тұрған вентиляциямен қатар, үнемі жылытуды нұсқауындағы көрсетулерге сәйкестендіріп пайдаланады. [1]
Өздігінен пайда болатын кемей қабынуы малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды тікелей тудыратын ссбептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі-ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен дем алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату мекемелерінің қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен /аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстық түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен дем алдыру т.б./ дамиды.Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді. Көмейдің қосымша түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін. [2]
...