Практическая работа по "Ветеринарии"
Автор: nikonikonya • Ноябрь 11, 2020 • Практическая работа • 1,216 Слов (5 Страниц) • 384 Просмотры
1. Овогенез дегініміз не?
Овогенез (ovogenesis, ovum – жұмыртқа, genesis – шығу тегі) жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы эндодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары – гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады.
Бұл процесс сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек эмбриондық кезінде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін
де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге
айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші
мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму
кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен
қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады.
Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне
(көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II
мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде ж үріп,
өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп,
екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа
жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі
24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай
бастайды.
2. Спермиогенез қандай мал түрінде байқалады?
Сперматогенез аталық жасушаларының дамуы. Ол енде, ұрықтың иректі өзекшелерінде өтеді. Оның даму кезеңінде алғашқы жыныс жасушалары ен ұрық иректі өзекшелер салымында пайда болып, бірнеше рет бөлініп бастапқы ұрық-сперматогонийлерге ауысады. Кейінгілер ұрықтың иректі өзекшелер қабырғасының құрамына кіретін зат алмасуы төмендеген, еркек малдарда өмір бойы жүретін, бағаналық жасушалар. Кейбір малдарда маусымдық ырғақ кездеседі. Бұл дамудың түрі малдардың күйіне, сыртқы ортаға өте байланысты болады.
Сперматогенез негізгі төрт – көбею, өсу, пісу, қалыптасу сатыларынан тұрып, толқын тәрізді өтеді. Аталық жасушасының толық даму циклі бұқада 63 күн, қошқарда-48, қабанда-40 күн. Бір өзекше бойынан барлық кезеңдер байқалады, ал өзекше қабырғасынан жасалған кесіктен барлық жасуша түрлерін көру мүмкін емес.
Көбеюде сперматогонийлер митозбен бөлінеді. Жартысы бағаналық (ирек өзекше қабығына жақын, негіздік жарғақшада орналасады, сопақша түсті жасуша цитоплазмасы ақшыл, домалақ, ядросы сопақша, хроматині басында ұсақ дисперсті бөлінгенде жақсы байқалады) болып қалады да, сперматогонийлердің толықтыру кезіне айналады. Екіші жартысы жетілу жолына түседі. Ондағы сперматогонийлер цитотомиясы жартылай өткен, сондықтан олар бір-бірімен цитоплазмалық көпіршелермен байланысып, синтиций құрады. Көпіршелер ұзындығының арқасында жас жасушалар 25 мкм қашықтыққа бір-бірінен ажырап, кете алады. Мұндай жасушалар вегетативтік өскін түзеді. Бір клондағы жасушалар бір мезгілде сперматогенездің барлық сатыларынан өтеді. Сперматогонийлер арасында ірі, биіктігі өзекше қабырғасы қалыңдығындай, цитоплазмасы ақшыл, негізгі полюсте жататын ядросы қисық түсті, тарам-тарам өсінділі сертоли жасушалары жатады.
Өсу сатысындағы жасуша – бірінші реттік сперматоцит деп аталады. Мұнда қарқынды бойға сіңіру (ассимиляция) процестері, тұрақты қосындылар жетілуі, ДНҚ-ның үзілуі, митохондрийлердің бөлініп, көбеюі, ядрошықтың ұлғаюы жүріп, домалақтанып, жарғақшадан тықсырылып, өзекше кеңістігіне бағыт алып барып, ұлғаяды. Сперматоциттегі ірі домалақ ядрода мейоздың 1-профазасына тән хромосомалардың жүйелі өзгерістері жүреді. Сертоли жасушалармен тығыз байланысады.
Жыныстық
...