Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Індеттанудың мазмуны мен әдістері

Автор:   •  Декабрь 15, 2022  •  Контрольная работа  •  1,846 Слов (8 Страниц)  •  299 Просмотры

Страница 1 из 8

№1дәріс

КІРІСПЕ. ІНДЕТТАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Жоспары:

1. Індеттану және жұқпалы аурулар пәні оның мақсаты.

2. Індеттанудың тарихы және оның жетістіктері.

3. Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы.

4. Жалпы және жекелей індеттану.

5. Індеттанудың негізгі әдістері.

6. Жұқпалы аурулардан болатын экономикалық шығын.

Көлемі: 2 сағат

1. Індеттану және жұқпалы аурулар пәні оның мақсаты

Індеттану - індет процесін /жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болу, байқалу, таралу, басылу және жоғалып кету заңдылықтарын зерттейтін/ және осының негізінде жұқпалы аурулардың алдын алу және жою әдістерін қарастыратын ғылым.

Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: бірінші түбірі -індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал екінші - тану - білу, яғни ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал батыс тілдерінде "эпизоотология" аталады және же ол да екі түбірден тұрады: эпизоотия /грекше epі - арасында, zoon - жануар/ және logos - ғылым.

Бір кезде індеттануды тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп, оның зерттеу аумағын тым кішірейтіп жіберді. Олай дейтін себебі, өйткені шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, сонымен қатар, спорадия /бірең-сараң/ жағдайда болуын да қамтиды, ал керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңейтіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағұлматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Бірақ бұлай атау /ол шартты түрде "инфектология" деп аталады/ індеттану ғылымының ұғымынан тым кең еді, өйткені жұқпалы аурулар туралы ғылымдардың жиынтығын теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және т.б. б ір ғылым ретінде қарастыру мүмкін емес.

Індеттану пәнінің құралы - індет процесі болып табылады. Індет процесі ол бір аурудың басқа сау малға жұғуын одан басқа сау малға жұғуын, яғни осылайша шексіз аурудың бір малдан басқа малға жұға беруін айтады.

Бұл пәннің жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы: індеттану жұқпалы ауруларды қарастырса, ал жұқпалы емес аурулар тек жұқпалы емес, яғни бір малдан екінші малға жұқпайтын ауруларды қарастырады. Ал жұқпалы ауруларды қарастыратын сіздер өткен микробиология, вирусология, патфизиология және басқа пәндерден айырмашылығы олар індет процесімен айналыспайды, олар тек өздеріне қатысты микробты немес вирусты қана қарастырады соған байланысты олардың оқу құралы болып микроб немесе вирус немесе басқасы болып табылады.

 (Індеттану екі мәселені қарастырады:

- біріншіден, жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, бір аурудың әр түрлі байқалуын, басылуын және жоғалып кетуін (яғни, індет процессінің маңызы), сонымен қатар, аталмыш процесстің даму қарқындылығына қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының әсерін зерттейді. Басқаша айтқанда, індет процессі індеттану пәнінің құралы болып табылады.

- екіншіден, жұқпалы аурулардың алдын алу және жою тәсілдерін жасап, жетілдіреді. Індет процессінің даму заңдылықтарына адамның белсенді түрде қатысуын қарастырады.)

Індеттану пәнінің ең басты мақсаты барлық жұқпалы аурларды жою болып табылады. Бірақ өкінішке орай осы күнге дейін тек бір ауру ғана оның өзінде ол адамдардың ауруы ғана, яғни шешек ғана бүкіл әлем бойынша жойылды. Қалған аурулар бір мемлекетте жойылса басқа мемлекетте әлі жойылмаған.

Індеттану пәні өз ерекшелігі бар дербес мал дәрігерлік ғылымдардың бірі, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар - індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария.

Жұқпалы аурулар бөлімі аурулары дерттің басқа да түрлері сияқты /жұқпайтын, хирургиялық, гинекологиялық, паразиттік т.б./ дәрігерлік тұрғыдан қарастырады, яғни, аурудың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді.

...

Скачать:   txt (27.4 Kb)   pdf (153 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club