Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тыныс алу физиологиясы

Автор:   •  Март 2, 2021  •  Контрольная работа  •  506 Слов (3 Страниц)  •  762 Просмотры

Страница 1 из 3

СӨЖ 8. Тыныс алу физиологиясы

1. Тыныс алу субстратының тотығуының негізгі жолдарын түсіну.

Тыныс алу кезінде бөлініп шыққан көмір қышқыл газы көлемінің сіңірілген оттегінің көлеміне қатынасы тыныс алу коэффициенті (ТК) деп аталады. Егер тыныс алу субстраты углеводтар болса, онда ТК шамасы 1- ге тең. Углеводтардың құрамындағы сутек пен оттегінің арақатынасы 2: 1 қатынасындай болады. Тыныс алу субстраты ретінде тотықсыздану дәрежесі углеводтардан айрықша болатын басқа өнімдерді пайдаланғанда ТК шамасы өзгереді. Мысалы, тыныс алу процесіне тотығу дәрежесі  углеводтарға қарағанда жоғары болатын органикалық қышқылдарды пайдаланған кезде олардың тотығуы үшін оттек аз жұмасалатындықтан, ТК шамасы артады. Сірке қышқылының CH3 COOH толық тотығуына оттек жұмсалады:

                    2СН3 СООН + О2 → 4 СО2 + Н2О

       ТК бұл жағдайда [pic 1] -ке тең болады. Егер субстарттың тотықсыздану дәрежесі углеводтардың тотықсыздану дәрежесінен жоғары болса ТК шамасы кемиді.

Аэробтық тыныс алу толығымен және аяғына дейін өтетін жағдайда ғана ТК шамасы субстарттың табиғатына байланысты болады. Субстраттың тотығуы белгілі бір себептермен ақырғы өнім түзілгенге дейін жүрместен, белгілі бір аралық өнімдер жиналатын болса, ТК шамасы өзгереді. Ондай жағдайлар оттек жетіспеушілігінің салдарынан аэробтық тыныс алу ішінара анаэробтық тыныс алумен алмастырылатын кезде пайда болады. Етті, шырынды ұлпалардың ТК шамасы көбінесе олардағы оттек жетіспеушілігіне байланысты. Бұл жағдайда субстрат көмір қышқыл газы мен суға дейін толығымен тотықпастан, органикалық қышқылдарға дейін тотығады, осының нәтижесінде ТК шамасыартады. Алайда ТК-нің ортада оттек болуына тәуелділігі неғұрлым күрделі сипатта болады.

2. Температураның, жарықтың, ылғалдың және минералды тамақтану жағдайларының тыныс алу процесіне әсері.

Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көптеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтігі, өсімдіктердің жасы, ұлпалардың түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық шығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, температура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға елеулі әсер етеді.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (82.9 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club