Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыртқы тыныс алу

Автор:   •  Октябрь 14, 2020  •  Реферат  •  1,156 Слов (5 Страниц)  •  813 Просмотры

Страница 1 из 5

                                                                                                                   ҚМУ КеАҚ Ф 4/3-01/1

                                                Қосымша  5

 « Қоршаған ортамен алмасу 1-2»

силлабусқа арналған 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

                                        

Тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық

                                              Тақырыбы: «Сыртқы тыныс алу»

Модуль «Қоршаған ортамен алмасу» 1»

Блок «Респираторлы және асқорыту жүйелері» Физиология.

Білім беру бағдарламасы 5В130100 "Жалпы медицина"

Уақыт (ұзақтығы) 2 сағат

2 Курс

Құрастырушы:  к.м.н., ассистент профессор Салихова Е.Ю.,

                           аудрған асс.профессор Кантемиров М.Р.

Қарағанды 2020 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № 1                08.2020 ж.

Кафедра меңгерушісі, ассоц.профессор                                   Н.Н.Наурызов

  • Тақырыбы: «Сыртқы тыныс алу»
  • Мақсаты: Студенттердің сыртқы тыныс алу параметрлерінің физиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, дем алу және дем шығару механизмдерімен танысу, қан құрамындағы газдардың тұрақтылығының сақталуын зерттеу.
  • Оқыту мақсаты:
  • тәжірибелік жұмыс барысында және алынған нәтижелер бойынша теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану.
  • тәжірибелік жұмыстар орындау барысында ғылыми-зерттеу бағытын дамыту.
  • Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Тыныс алу жүйесі, оның қызметі туралы түсінік.

2. Тыныс алу. Тыныс алу циклы. Тыныс алудың негізгі кезендері.

3. Өкпенің және тыныс алу жолдарының қызметі (газ алмасатын және газ алмаспайтын).

4. Сурфактанттың маңызы.

5. Тыныс алу механизмі. Тыныс шығару механизмі

6. Плевра қуысындағы қысым, оның дамуы.

7. Өкпе көлемдері мен сыйымдылықтары. Сыртқы тыныс алудың зерттеу әдістері (пневмография, спирография, спирометрия, пневмотахометрия).

8. Өкпенің желдетілуінің көрсеткіштері (ТМК, ӨМЖ).

  • Білім берудің және оқытудың әдістері: сыртқы тыныс алудың клинико-физиологиялық әдістерін меңгеру, шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрау, тесттілеу, жағдайлық есептердің шығару, дискуссия, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Орындалатын жұмыстар тізімі

Жұмыс 1. Спиро С-100 спирометрінің көмегімен тыныштық жағдайдағы спирография әдіспен танысу.

Мақсаты: Спиро С-100 спирометрінің жұмыс істеу принципімен танысу. Тыныштық жағдайда тыныс алу көлемдерін графикалық тіркеу әдісімен танысу.

Жұмыс барысы: Спирометр С-100 құралымен жұмыс істеу нұсқауын қараңыз.

Қорытынды: Алынған қисықты салыңыз, тиісті белгілер жасаңыз.

Жұмыс 2. Өкпенің желдетілуін және ТМК анықтау.

Мақсаты: Қалыпты жағдайда тыныс алу кезінде өкенің желдетілуін бағалау және өкпенің қалыпты қызмет атқаратындығының басты көрсеткіші болып табылатын тыныс алудың минуттық көлемін анықтау.

Жұмыс барысы: Қалыпты тыныс алу кезінде спирометрдің көмегімен тыныс алу көлемін (ТК) анықтау. Қалыпты тыныс алу кезінде 1 минут аралығындағы тыныс алу қозғалыстарын (ТЖ) санау. Формула бойынша ТМК = ТЖ х ТК тыныс алудың минуттық көлемін анықтау. Формула бойынша АВ=ТЖ х (ТК-ӨК) өкпенің альвеолярлық вентиляциясын санау.

Қорытынды: алынған нәтижелерді қалыпты жағдаймен салыстырып, өкпенің қызметіне баға беру.

Жұмыс 3. Дондерс моделі.

Мақсаты: Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысындағы теріс қысымын, ролін зерттеу.

Жумыс барысы: Дондерс моделі шыны шөлмек түбі кесілген және резеңкемен ауыстырлған, ол дияфрагманың ролін атқарады. Шөлмектің мойны қақпақпен жабылған ол арқылы екі шыны түтікше өтеді, оның біреуіне қоянның өкпесі нгізіледі, екіншісі қуысты қоршаған ортамен байланыстырады.

1. Қоршаған ортамен байланыстыратын түтікшені жауып, резеңке мембрананы төмен қарай тартып, дем алудың жүруін көрсете отырып, өкпе көлемінің ұлғаюын бақылау.

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (117.3 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club