Әскери-медициналық дайындық
Автор: Amangeldiev0001 • Март 6, 2024 • Реферат • 1,052 Слов (5 Страниц) • 138 Просмотры
Әскери-медициналық дайындық (ӘМД) әскерлердің әскери дайындығының пәні болып табылады және өзінің тағайындалуы бойынша жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін, жаралану мен жарақаттануға тән себептері мен сипаттарды, шұғыл көмек көрсетуді талап ететін қатты уланулар мен жарақаттану себептерін зерделеу; жаралылар мен жарақаттанғандарға бірінші көмек көрсету реті мен тәсілдерін, сонымен қатар табелдік және қолда бар құралдарды пайдалану арқылы, жаралану, жарақаттану, жіті улану жағдайларында бірінші көмек көрсету машықтарын шыңдау.
• Әскери-медициналық дайындық (ӘМД) әскерлердің әскери дайындығының пәні болып табылады және өзінің тағайындалуы бойынша жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін, жаралану мен жарақаттануға тән себептері мен сипаттарды, шұғыл көмек көрсетуді талап ететін қатты уланулар мен жарақаттану себептерін зерделеу; жаралылар мен жарақаттанғандарға бірінші көмек көрсету реті мен тәсілдерін, сонымен қатар табелдік және қолда бар құралдарды пайдалану арқылы, жаралану, жарақаттану, жіті улану жағдайларында бірінші көмек көрсету машықтарын шыңдау.
• Замануи соғыс жағдайында бірінші көмек көрсету өзара көмектесу ретінде, көптеген жараланғандардың өмірін құтқаруды қамтамасыз ететін, негізгі жолдардың бірі болып табылады, осыған байланысты әскеримедициналық дайындықтың рөлі арта түсуде. Әскери қызметшілер әскеримедициналық даярлықты өткізуде, жеке гигиенаның ережелерін зерделеуге, жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған тақырыптарды талдайды.
Жаралану, қан кету, сүйектердің сынуы мен шығуы, үсік шалу, техникалық сұйықтықтармен улану жағдайларында бірінші көмек көрсету машықтарына және жаралыларды ұрыс алаңынан шығару, әскери көліктерден, қорғаныс қондырғыларынан шығару, санитарлық және жалпыәскерлік көліктерге тиеу тәсілдеріне жаттығады. Бұл, әрине, бейбіт заманда да, күнделікті өмірде де туыстар мен жақындарға бірінші көмек көрсетуде өте маңызды. Ерекше көкейтестілігі террористік актілер санының өсуіне, техногендік және табиғи апаттардың болуына, автожолдар оқиғаларының көп болуына байланысты.
Әскери-медициналық дайындықтың негізгі міндеттері:
• Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамының жаралану, жарақаттану жағдайларында өзіндік және өзара алғашқы көмек көрсету;
• офицерлердің бөлімшелердің әскери істерін медициналық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру дайындығы;
• әскери-медициналық дайындық командирлік және әскери даярлық бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
• Әскери-медициналық даярлықтың сабақтары бөлімнің штабымен медицина қызметінің бастығының қатысуымен жоспарланады. Жеке құрамның әскеримедициналық дайындығын ұйымдастыру әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығына жүктеледі. Әскери дайындықтың жоспарына бағдарламамен қарастырылған барлық тақырыптар кіреді: әскеримедициналық дайындық курсына кіріспе; жекелеген және ұжымдық медициналық қорғаныс және көмек көрсету құралдары, шұғыл реанимациялық шаралар; ядролық және химиялық қарулардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері; тамақтану және сумен қамтамасыз етілу гигиенасы негіздері, қозғалыстар, әскерлерді казармалық және алаңдық орналастыру; жұқпалы аурулар; зарасыздандыру және уытсыздандыру негіздері.
Әскери-медициналық дайындыққа кіретіні:
• жеке құраманы шокқа қарсы шараларды өткізу ережелері мен тәсілдеріне үйрету (сыртқы қан кетуді тоқтату, ауыртпайтын дәрілерді салу, түрлі таңуларды жасау, сүйек сынған жағдайда көлікпен тасымалдау) және оларды өткізу істеріне машықтандыру;
• жеке құраманы медициналық қорғаныстың табельді жеке құралдарын пайдалану ережелеріне үйрету (жеке аптечкалар,жекехимияға қарсы, суды зарарсыздандыру жеке құралдары), сондай-ақ бірінші көмек көрсетуге арналған қоластындағы құралдарды пайдалану;
...