Қарынның жіті кеңеюінің патоморфологиясы
Автор: zeinur19991111 • Октябрь 1, 2022 • Реферат • 2,952 Слов (12 Страниц) • 368 Просмотры
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Ветеринария» факультеті
«Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қарынның жіті кеңеюінің патоморфологиясы»
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Алматы 2022ж.
Жоспары:
І.Кіріспе ..................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім .....................................................................................................4
2.1Қарынның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы ..........................................................4
2.2Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі) ..........................................................7
2.3Ішектердің түйілуі (энтералгия) ......................................................................8
2.4Ішектерде химустың тоқтауы .........................................................................10
ІІІ.Қорытынды ...................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................13
І.Кіріспе
Қарынның кеңеюінің жіті түрі қарынның пилорусының түйілуі салдарынан қарын мен ішектер арқылы ас жүрмей, қарынның көлемі ұлғайып, оның жиырылуы және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Негізгі себебі – вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм) . Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру, дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде жиі кездеседі.
Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1,5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып , қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады. Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады. Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді. Дене қызуы көтеріледі. Кілегей қабықтары көгерген, дем алысы жиі, жүрек саздары қатты естіледі.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Қарынның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы
Қарынның кеңеюінің жіті түрі (Dilatatio ventriculi acuta) қарынның пилорусының (сфинктерінің ) түйілуі салдарынан қарын мен ішектер арқылы ас жүрмей, қарынның көлемі ұлғайып, оның жиырылуы және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Жылқыларда, иттерде жиі кездесетін аурулардың бірі. Себептері. Негізгі себебі - вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм). Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде киі кездеседі. Қосалқы түрде ішек ауруларында, олардан ас жүрмей, тоқтап қалғанда, әсіресе 12 - тұтам ішек бітелгенде байқалады. Дамуы. Қарынның кілегей қабығының тітіркенуі салдарынан оның қабырғасының қатты керілуі, оның жиырылуын түйілуге дейін айналдырып, қатты ауыртады. Бас мидың қабының қозуынан қанда адреналин көбейеді. Вегетативті жүйке жүйеснің симпатикалық бөлігінің қозуынан пилорус түйіледі де, қарында қарсы жиырылу пайда болады. Ол барып ішектердің жиырылуын бәсеңдетеді. Диафрагмаға қысым түсіп дем алу қиындайды және жүректің систолалық көлемі азаяды. Тотығу-тотықсыздану процесі бұзылады. Қарынға тұзды судың көп бөлінуі (кейде 25-л дейін ) организмді сусыздандырады, заталмасуы бұзылады [1,2]. Өлекоедегі өзгерістер. Қарын 2-3 есеге үлкейген, қышқыл реакциялы, ішінде сұйық, қоймалжың, газ бен қан аралас қоспа. Қабырғасы созылып жұқарған. Кейде тірі малдың қарнының диафрагмасының жыртылып, жарылғаны кездеседі. Жарық арқылы кеуде қуысына ішектің, қарынның бөліктерінің, бауырдың түсуі мүмкін [1,2,3]. Клиникалық белгілері. Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1,5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып , қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады. Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады. Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді.
...