Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҰБТ дайындалу кеңестері

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Статья  •  2,515 Слов (11 Страниц)  •  510 Просмотры

Страница 1 из 11

ҰБТ,МАБ-ды ұйымдаструшылар мен педагогтарға

ЖАДЫНАМА

Аудиторияның жағдайы:

  • Аудитория таза және барлық жағдай жасалған гүлдермен көгелдендірілгені, әшекейленгені дұрыс.
  •  Өйткені жасыл түс адамның көзінің шамалы демалуына көмектеседі және адам психикасына тұтастай жақсы тыныштандырғыш ретінде әсер етеді.
  • Оқушылардың парталары жарық түсірілген, жайлы жерде орналасқан және оқушының бойына сай болуы тиіс.
  • Егер сыныпта сары-күлгін түспен боялған картина немесе эстамп ілінген болса, ол балалардың шығармашылық белсенділігіне жақсы әсер етеді.

ҰБТ,МАБ - ға қатысушылардың психоэмоционалдық ұстанымын қалай қалыптастыруға болады:

  • Емтиханның психологиялық атмосферасы көбінесе ұйымдастырушыға байланысты болады.
  • Бейтаныс адамдармен кез-келген байланыстың басы, ең алдымен әр қатысушыға көңіл аудару, дауыстың жұмсақтығымен, мейірімді жүзбен жымия қарай күлуден басталады.
  • Ұйымдастырушының киімі оқушының көңілін аудармау үшін, ашық түсті болмауы керек.
  • Балада мазасыздық, қорқыныш сезімі басым болса, ол тапсырма орындау кезінде қателіктерді көп жіберу мүмкін, сондықтан мұғалім оқушылалдың өзіне деген сенімділігін арттыра білуі керек.
  • Оқушыларды мадақтап, жылы көзқараспен қарай отырып, олардың өздерін сергек ұстауларына көмектесу керек.
  • Баланың шаршауына байланысты жағдайдың төмендеуін уақытында байқауға тырысып, баланың өзіндік сезімін бақылап отыру қажет.
  • Балаларға тыныштандыратын демалу жаттығуларын жасатып отыру керек.

Оқушыларға сынақ кезінде төменде берілген нұсқаларға назар аударуына кеңес беріңіз:

  • Тапсырманың мағынасын түсіну үшін, тесті көз жүгіртіп қарап шығу керек.
  • Берілген сұрақты аяғына дейін, мағынасын түсіне отырып оқып шығу керек.
  • Егер берілген сұраққа жауап бере алмасаң немесе өзіңе сенімсіз болсаң, сол сұрақты белгілеп қой да келесісін шешуге тырыс.
  • Егер уақытында берілген сұрақтарға жауап беріп үлгермесең, өзінің ішкі сезіміңе сеніп, дұрыс деген жауапты белгіле.

Оқушыларға арналған

ЖАДЫНАМА

Сабаққа даярлану  орны.

  • Сабаққа дайындалу орны ешкім кедергі жасамайтындай ыңғайлы болуы керек. 
  • Жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастырып үйрен. Үстелге сары және сия түсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл-көгілдір түстердің болғаны пайымдау жасағанда жақсы.
  • Емтиханға даярлықты ертерек баста;
  • Егер күшің мен ойыңды жинақтау болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалды зерделеуге кіріс.
  • Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

Материалды қалай еске сақтауға болады?

  • Емтихан әдістемесімен танысыңыз. Материалдарды сұрақтар бойынша қайтала.
  •  Ең бірінші есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды, дәлелдердің дұрыстығын тексер.
  • Оқулықты оқи отырып, ең негізгі  пікірлерді бөліп ал(ережелер мен формулалар)- бұл жауаптың тірек бөлімдері .
  • Жауаптың басқа жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жазып алып, столдың, төсектің жанына іліп қойуына болады.
  • Емтиханның алдындағы соңғы күні жауап жазылған кішкене қағаздарды қайтала..

Егер көзің талса:

Емтиханға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі. Егер  көзің талса, ағзаң да шаршайды, емтихан тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез-келген жаттығуды жаса:

 Жоғары төмен кезек-кезек қара (25 сек); оңға-солға /15 секунд/;

Көзбен өз аты - жөніңді жаз.

Алыста тұрған затқа қара /20 сек/;  алдыңдағы қағазға /20сек/кезекпен қара Көзбен квадрат , үшбұрыш сыз: алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы  бағытта.

Ойлау қабілетін қалай дамыту керек?

  • Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.
  • Ойлау қабілеті болмаса, білім де болмайды.
  • Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырарсың.
    Білім көзі кітап, мектеп, теледидар, адамдар болып табылады.

    Олар заттар,  құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.

  • Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады Неге?, Қалай?. сұрақ  қойып және жауап бере біл.
  • Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан-жақты тани,көре білу керек, жаңалықты бірден байқау керек.
  • Заттардағы әр түрлі белгі, қүбылыстардың арасын салыстыру,  байқауда да -ойлау қабілеті керек.

Еске сақтаудың тиімді түрлері.

  • Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс.
  •   Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.
  •  Бәрінен де тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді.
  •  Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға
    жіберген уақыт тиімдірек.
  • Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс.
  •  Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды.

Жұмысқа қабілетті арттыру жолдары.

  • Ой  және дене еңбегін алмастыру керек.
  • Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен
    тұруды көбірек жасау керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына
    қанның құйылуын күшейтеді.
  • Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек
    (кітаптан көзді алып, алысқа қарау керек).
  • Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау керек!

Тамақтануы

3-4 рет витаминге бай,құнарлы тамақ ішу керек.Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет,  балық,  көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалану керек.

...

Скачать:   txt (23.7 Kb)   pdf (591.4 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club