Қартаю
Автор: Gulnur20 • Апрель 23, 2019 • Эссе • 348 Слов (2 Страниц) • 1,224 Просмотры
Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю -онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю организмнің тіршілігінде жинақталған орны толмайтын бүліністердің нәтижесінде дамиды. Мұндай ықпалдарға табиғи жағдайларда белсенді заттардың ыдырауынан, ғарыштық сәулелердің т.б. радиацияның қайнар көздерінен пайда болатын иондағыш сәулелер, организмдегі рН-тың және температураның өте аз мөлшерде кездейсоқ толқулары жатады. Сонымен бірге организмде заттардың еркін тотығуларынан пайда болатын радикалдар мен асқын тотықтар өте күшті бүліндіргіш әсер етеді.
Қартаю кезінде организмде ДНҚ молекуласының немесе ДНҚ, РНҚ молекулаларының түзілуіне қажетті ферменттерінің зақымдануы жасушаларының гендік құралдарында мутация дамуына және ген ақпараттарының өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Шынында қартайған организмдерде хромосомалардың ауытқулары жиі байқалады. Осы келтірілгендердің нәтижесінде иммундық жүйенің қалыптыдан ауытқулары, аутоиммундық үрдістердің дамуы қартаюдың патогенезіне елеулі үлес қосады. Қартаю туралы 300 ден астам теориялар бар, оларды үлкен екі топқа ажыратуға болады: бірінші топтағы теория : қартаю әр түрлі зақымданулар және олардың қайта қалпына келмеуінің салдарынан болады деп түсіндіреді. екінші топтағы теория: қартаю адамның геніне байланысты деп түсіндіреді. Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын"
...