Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР-да паразитарлық аурулардың таралуы

Автор:   •  Февраль 12, 2021  •  Эссе  •  340 Слов (2 Страниц)  •  934 Просмотры

Страница 1 из 2

БӨЖ тапсырмалары:

1. ҚР-да паразитарлық аурулардың таралуы және кездесуі туралы эссе жазу.

         Парзиттер кез келген тазалық сақталмаған немесе өздеріне қолайлы жерлерден табылатыны белгілі. Сондықтан да паразиттер бар жерде паразитарлық ауруларда бар дегені де айқындалған жағдай болып саналады. Ал Қазақстанда қандай паразитарлық аурулар бар? Олар қандай жерлерде кездеседі? Олардың қандай зияндары бар? -  деген сияқты  көптеген сауалдарға қысқаша тоқталып кетсек.

        Қазақстанда да көптеген паразитарлық аурулар бар. Соларға жеке-жеке және қысқаша тоқтала кетсек. Аскаридоз – бұл өкпе эозинофильдік инфильтраттар және басқа да аллергиялық реакциялар дамуымен, ал кейіннен – ауыр асқынулары болуы мүмкін дипептикалық белгілерінің дамуымен сипатталатын ерте фазадағы ішек геогельминтозы болып табылады. Қоздырғышы – дөңгелек гельминт-нематод. Безгек – бұл безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы ретінде қарастырылады. Безгектің жергілікті жағдайы –ол  сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай. Безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның туындауы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай. Гельминтоздар – жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар. Дифиллоботриоздар – диспепсиялық бұзылулары болатын және темір тапшылығы анемиясының дамуы мүмкін зооантропоноздық табиғи гельминтоздар тобы болып табылады. Қоздырғыштары – ленталық гельминттер. Лямблиоз – көбіне симптомсыз паразит таратушылық ретінде өтетін антропоноздық паразиттік инвазия, ал ауыр жағдайларда ішектің дисфункциясы дамиды. Описторхоз – бұл көбіне гепатобиллиарлық жүйені және ұйқыбезін зақымдайтын зооантропоноздық биогельминтоз. Қоздырғыштары – жалпақ гельминттер-трематодтар. Тениаринхоз – токсикологиялық-аллергиялық реакциялармен диспепсиялық бұзылулар мен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – ленталық гельминт немесе бұқа таспа құрты болып саналады. Токсоплазмоз – бұл латентті немесе созылмалы түрде өтетін паразиттік инвазия ретінде қарастырылады.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club