Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер

Автор:   •  Март 29, 2025  •  Реферат  •  3,055 Слов (13 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 13

. Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Мақсаты: Эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер және қан плазмасының қызметтері

бұзылғанда қолданылатын дәрілерді ажырату.Олардың жәктелуін, шығу

формаларын, фармакологиялық әсерлерін,қолданылуын,қарсы көрсетілім-

дерін ажырата білу.

Дәріс тезистері:

Қан екі бөліктен тұрады: сұйық бөлігі – сарысу /плазма/ және формалық элементтер – эритроциттер /қызыл қан түйіршіктері/, лейкоциттер /ақ қан түйіршіктері/ және тромбоциттер /қан пластинкалары/.

Эритроциттердің негізгі қызметі өкпеден оттегіні тіндер мен мүшелердің клеткаларына тасымалдау. Бұл қызмет эритроциттердегі гемоглобиннің арқасында іске асады. Эритроциттердің немесе олардағы гемоглобиннің жетіспеушілігі анемия ауруын туғызады. Анемияда тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады. Эритроциттердің саны кенеттен көтерілсе – эритремия /полицитемия/ ауруы болуы мүмкін.

Лейкоциттер қанның қорғаныс қызметін атқарады. Олар фагоцитозға қатысып, ауру туғызатын микробтарды жұтады. Лейкоциттердің өнімі жетіспегенде, олардың қандағы саны азайып, лейкопения пайда болады. Лейкоциттердің өнімі күшейсе, лейкемия туғызады – лейкоциттердің қанда саны көбейеді. Бұл ауру лейкоз /ақ қан/ деп аталады.

Тромбоциттер тромб /қан ұйығы/ құрылуына қатысады. Зақымдалған қан тамырларының орнында тромбоциттер бір-бірімен жабысып /агрегация/ артериальді қан тамырларында тромб құру процесі басталады. Пайда болған тромб қан тамырының саңылауын жабады, қан кетуді тоқтатады.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер бірнеше топқа бөлінеді:

1). Эритропоэзге / эритроциттердің өнімі/әсер ететін дәрілер

2). Лейкопоэзге /лейкоциттердің өнімі/ әсер ететін дәрілер

3). Қанның ұюына әсер ететін дәрілер

4). Фибринолизге әсер ететін дәрілер.

1. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер.

Бұл топтың дәрілері 2-ге бөлінеді:

1). Эритропоэзді күшейтетін дәрілер

2). Эритропоэзді тежейтін дәрілер.

1). Эритропоэзді күшейтетін дәрілер

Эритропоэзді күшейтетін дәрілер анемияның әртүрлі түрлерінде қолданылады. Қанның құрамында эритроциттермен гемоглобиннің жетіспеушілігі анемия ауруын туғызады. Қаназдық кезінде организмде тотығу процесі бұзылады, оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Адам шаршағыш келеді, ентікпе пайда болады, жүрек соғады, жүрек тұсында жағымсыз сезім туады. Анемияның түріне гипохромдық /теміржетіспеушілік/ және гиперхромдық /пернициоздық және макроцитарлық/ анемиялар жатады.

Гипохромдық /теміржетіспеушілік/ анемияда қолданылатын дәрілер.

Гипохромды анемияда эритроциттермен бірге гемоглобиннің де мөлшері азаяды. Көбіне бұл анемия организмде гемоглобиннің синтезіне қажетті темірдің жетіспеушілігінен болады. Темір организмге тамақпен түсіп, ащы ішекте сіңеді. Темірдің ішекке сіңуіне асқазан сөліндегі хлорсутегі қышқылы қатысады. Темір жетіспеушілік анемия тамақпен бірге темірдің аз түсуінен, ішекте темірдің сіңуі бұзылғанда /асқазан сөлінде хлорсутегі қышқылы азайғанда/, организмнен темір көп мөлшерде шыққаннан / қан кетулерде/пайда болады. Теміржетіспеушілік анемияны емдеуге темір және кобальт препараттары қолданылады. Темір препараттарына жатады: темір лактаты, ферамид, конферон, тардиферон, фербитол, ферроплекс, ферроградумет, феррум лек, ферроцерон, т.б.

Кобальт препараттары: ферковен, коамид.

Ферамид /Ferramidum/ Шығарылатын түрі: таблетка 0,02; 0,1г; темірдің никотин қышқылымен қосылысы.

Гипохромдық анемияда 1 таблеткадан

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (120.1 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club