Микроорганизмдердің көмірсуды ашытуын зерттеу
Автор: dinara.maksut.97 • Май 25, 2018 • Реферат • 1,333 Слов (6 Страниц) • 887 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биотехнология және микробиология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Микроорганизмдердің көмірсуды ашытуын зерттеу
Орындаған:
Тексерген:
Астана, 2017.
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................. 2
Негізгі бөлім
1.1.Ашу туралы түсінік.................................................................................. 3
1.2.Микроорганизмдердің көмірсуды ашытуы......................................................................................................... 4
1.3. Жалбыршақ қарында ерігіш көмірсуларды ашыту............................................................................................................ 5
1.4. Жалбыршақ қарында жасунықтың ашуы.............................................................................................................. 6
Қорытынды ..................................................................................................... 7
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................ 8
Кіріспе
Бұл рефератта микроорганизмдердің көмірсуды ашытуы туралы мағлұмат көрсетілген. Жалпы ашу процесіне тоқталып кетейік. Ашу процесі табиғатта кең таралған құбылыс. Ашу – ашытқы немесе бактерия секілді микроағзалардан келетін ферменттердің әсерінен көмірсулардың этанол мен көмірқышқыл газына бөлінетін химиялық процесі. Ферменттер ашу процесінде катализатор қызметін атқарады. Бұл процесс энергия бөліп шығарады және анаэробты тыныс алу деп аталады. Сол себепті ашу энергия бөліп шығарады, ал кейбір ағзалар үшін (бактерия мен саңырауқұлақтар секілді) ашу энергияның негізгі көзі болып келеді. Ашу процесінің зерттелу тарихына тоқталайық. XVIII ғасырдың соңында Лавуазье спирттік ашу кезінде қант спирт пен көмірқышқыл газына ыдырайтынын тапқан болатын. Көп ұзамай Гей-Люссак спирт пен көмірқышқыл газының жалпы массасы ыдыраған қанттың массасына тең екенін көрсетті. XIX ғасырдың 30-шы жылдары Ш.Каньяр де Латур мен Теодор Шванн ашытқылар – бұл тірі жасушалар екенін және ашу процесі олардың өмір сүруінің нәтижесі екендігін айқындады. Бірақ бұл пікір сол заманның білгір химиктарымен құпталмаған болатын. Ашу процесін XIX ғасырдың II-жартысында толығырақ Луи Пастер зерттеді. Пастер сол кезде анық деп саналған көзқарасқа қарамастан ашу – тек химиялық емес және тек қана тірі клеткалардың қатысында жүретін процесс екендігін дәлелдеді.
Көмірсудың ашуында Clostridium микроорганизмдері қолданылады.
Оны 1861 жылы Луи Пастер ашқан болатын. Clostridium туысының барлық түрлері органикалық қосылыстарды ашыту қабілеттеріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Бірінші топ өкілдері ерігіш көмірсуларды, крахмал немесе пектинді ашытады.
Ашу процесі туралы түсінік. Ашу – микроорганизмдерден бөлінетін ферменттердің әсерінен көмірсулардың, сонымен қоса полисахаридтердің анаэробты ыдырау процесі.
Ашу барысында тотығу-тотықсыздану реакцияларының ұштасуы салдарынан микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті энергия бөлініп шығады. Микроорганизмдер аминқышқылы, ақуыз, органикалық қышқылдар, майлар және тағы да басқа дене компоненттерінің биосинтезіне қажетті химиялық байланыстар түзіледі. Бір уақытта соңғы өнімдер жиналады. Ашудың әр типі ерекше микроорганизмдер тобы салдарынан жүреді және спецификалық соңғы өнім береді. Соңғы өнімге байланысты ашу процесінің мынадай түрлері бар: спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды, пропион қышқылды, ацетон-бутилді, ацетон-этилді және тағы басқалары. Ал ашу процесіне шалдығатын заттарға байланысты целлюлозды, пектинді және тағы басқа түрлері бар.
...