Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий по "Биологии"

Автор:   •  Ноябрь 6, 2020  •  Лекция  •  527 Слов (3 Страниц)  •  417 Просмотры

Страница 1 из 3
  • Микроорганизмдердің клетка цитоплазмасында әртүрлі пішінді әртүрлі көлемді түйіршіктер көптеп кездеседі.
  • Олар клеткада тұрақты түрде кездеспейді.
  • Олардың тіршілік ортасының физикалық және химиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
  • Олар клетка тіршілігі үшін маңызды құрылымдар емес.
  •  Клеткада болуыда, болмауыда мүмкін.
  • Олардың табиғаты және атқаратын қызметтері әртүрлі болады.
  • Қор заттары цитоплазмада жинақталатын метаболизм өнімдері.
  • Бұларды микроорганизмдер қоректік заттар ретінде пайдаланады.
  • Қор заттарына полисахаридтер (гликоген және крахмал), липидтер (поли - -оксимай қышқылы), полифосфаттар (S, валютин) және т. Б жатады.
  • Қор заттарының табиғаты микроорганизмдердің түріне және дақылдау жағдайларына байланысты болады.
  • Микроорганизмдерде қор заттарының бір, екі немесе бірнеше түрі кездесуі мүмкін.
  • Мысалы,E.coli да гликоген көп жинақталады,
  • Ал Bacillus megaterium клеткасында гликоген және поли - -оксимай қышқылы жинақалады.
  • Ал  Chromatiumokenii клеткасында полисахаридтер, полифосфаттар, поли - -оксимай қышқылы және күкірт болады.
  • Қор заттары микроорганизмдердің қалыпты жағдайында егер қоректік ортада көп болса жинақталады, ал қолайсыз жағдайларда микроорганизмдер сол қорын пайдалана бастайды.

  • Гликоген полисахарид. Крахмалға ұқсас D глюкозаның қалдықтарынан тұрады.
  • Олар 1,3 гликозидті байланыспен байланысады.
  •  Люгольмен бояу кезінде олар қызыл күлгін түске боялады.
  •  Гликоген көбінесе ішек таяқшаларында, сарциналарда, бациллаларда кездеседі.
  • Гранулеза крахмал тәрізді зат.
  • Олар анаэробты споралы бактериялар кластридияларда жинақталады.
  • Қоректік ортада көміртек құрамды заттар азая бастаған кезде, гликоген немесе гранулездар бактерия клеткаларынан толығымен жойылады.
  • Липидтер түйіршік түрінде жинақталады.
  • Олар окси май қышқылының полиэфирлары,
  • Олардың мономерлері бір бірімен күрделі эфирлі байланыспен байланысады.
  • Бұлардың диаметрі 200-800 нм ге дейін,
  • Белоктық мембранамен қапталған,
  •  Судан III ерітіндісімен сарғыш қызыл түске боялады,
  • Ал судан қарамен қара түске боялады.
  •  Олар клеткада 80% дейін жинақталуы мүмкін.
  • Валютин кейбір бактериялардың клеткасында түйіршік түрінде жинақталады.
  • Валютин ең алғаш рет Spirillum Volutans клеткаларынан табылған,
  • Валютин атауы осыдан шыққан.
  • Валютин түйіршіктерінің мөлшері 0,1-0,5 мкм. Көмірсулар және фосфор көп болғанда жинақталады және фосфор энергия қызметін атқарады.
  • Цианофицинді түйіршіктер.
  • Бұл цианобактерияларда кездесетін қор заты. Аспарагин қышқылы мен аргининнен тұратын полипептидтерден тұрады.
  •  Ол клеткада азоттың қор заты ретінде болады.
  • Азот көзі азайғанда олда клеткадан жойылып кетеді.
  • Күкірт метаболизмі күкірт қосылыстарымен байланысты бактерияларда жинақталады.
  • Олар клеткада мөлдір жартылай сұйық тамшы ретінде болады.
  • Күкірт сутекті тотықтыратын тионды бактерияларда S энергия көзі болып табылады.
  • Ал фототрофты күкіртті бактерияларда күкірт электрон доноры ретінде пайдаланылады.
  •  Бұл микроорганизмдер клееткаларында кездесетін қор заттар. 
  • Гликоген көмірсу түйіршіктеріне (полисахаридке) жатады.
  • Гликогенді Люголь ерітіндісі арқылы бақылайды.
  • Заттық шынының бетіндегі клетканың сұйықтығының тамшысына Люголь ерітіндісін қосады.
  •  Гликоген заттарының түйіршігі көк түске боялады.
  •  Гликоген ашытқыларда Люголь ерітіндісімен өңдегенде оңай көрінеді.
  • Май түйіршіктерін бақылау.
  • Бактериялар клетка ішінде липидтердің қоры ретінде поли - -оксимай қышқлыдарын жинақтайды.
  • Ол үшін клеткаларды лиофильді қара судан немесе судан III бояуымен бояйды.
  • Бактериялардың клеткасынан жұқа етіп клетка жұғындысын дайындап, ауада кептіреді және оттың жалынында бекітеді.
  •  Оның үстінен суданның ерітіндісін тамызадыда препаратты сүзгі қағазымен кептіреді де ксилолмен түссіздендіреді.
  • Түссіздендіру уақыты 1минут, тяганың астында жүзеге асырылуы тиіс.
  • Поли - -оксимай қышқылдары қара түске, ал клетканың қалған бөлігі қызғылт түске боялады.
  • Крахмалда көмірсу түйіршіктеріне (полисахаридке) жатады.
  • Крахмалдыда гликоген секілді Люголь ерітіндісі арқылы бақылайды.
  • Заттық шынының бетіндегі клетка сұйықтығы тамшысына Люголь ерітіндісін қосады.
  • Крахмал тәрізді заттардың түйіршігі гранулездер гликоген секілді көк түске боялады.
  • Бактериялардың арасында гранулеза Clostridium туысының өкілдерінде болады.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (79.2 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club