Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Биологии"

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Шпаргалка  •  28,637 Слов (115 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 115

1 билет

  1. Жасушаның зерттелу тарихы. Жасушалық теория.

Жасушатану (цитология) – жасуша туралы ғылым. Ол тек қана жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын зерттеп қоймайды, сондай-ақ онда өтетін удерістерді де зерттейді. Әрбір жасушаның тіршілігі зат және энергия алмасуды, өсуді, даму және көбеюді қамтамасыз етеді. Жасуша осы үдерістерсіз өмір сүре де алмаған болар еді.

«Жасуша» деген терминді алғаш рет Роберт Гук (1665) енгізді. Ол тоз (пробка) ағашының тіліндісін анықтап қарап, өсімдік денесінің біркелкі масса тәрізді зат емес, жеке-жеке ұяшықтар сияқты екенін байқады. Р.Гук бұл бөлшектерді жасуша деп атады. Ағзалар денесінің «біртұтас құрылымсыз заттан» құралмай, жеке-жеке құрамдас бөліктерден – жасушадан тұратыны осылай анықталды.

Голландық жаратылыс зерттеуші Антони ван Левенгук біржасушалыларды ашты. Левенгук шыны ажарлаушы болды. Сәті түсіп, оның 270-300 есе ұлғайтатын линза алуына мүмкіндік болды. Левенгук осындай микроскоптың көмегімен сан алуан біржасушалыларды: зең саңырауқұлағын, эритроциттерді, сперматозоидтарды, ашытқы жасушаларын байқай алады. Левенгук алғашқы суреттерін жасады. Ол көрген бірдасушалы тіршілік иелерін егжей-тегжейлі сипаттап, 1695ж «табиғат құпиялары» еңбегінде жариялады. Левенгук жасаған суреттер бойынша, тіпті бактерияларды да тауып алғандығын жорамалдауға болады.

Өсімдік жасушасындағы ядроны ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831ж сипаттап жазды. Ол кезде ядроның рөлі белгісіз еді. Жасуша тіршілігін қабықша басқарады деп есептеген. Неміс ботанигі Маттиас Шлейден тек қана 1838ж ядроның рөліне дұрыс болжам жасай алды. Жануар жасушасын зерттеген неміс физиологі Теодор Шванн өз деректерін Шлейденнің деректерімен салыстыра отырып, 1839ж «жасушалардың юарлығы құрылысы және тіршілік үдерістері бойынша ұқсас» деген қорытындыға келді. Ол жасушалық теория қағидаларын тұжырымдап, оны Шванн-Шлейден теориясы деп атады. Алайда Шванн ж/е Шлейден ағзадағы алғашқы жасушалар жасушасыз заттардан түзіледі деп, қате тұжырым жасады. Неміс ғалымы Рудольф Вирхов 1858ж жаңа жасушалар тек қана аналық жасушалар бөлінген кезде түзілетінін дәлелдеді.

Ең соңында жасушалық теория бірнеше рет расталды. Осы заманғы ғылыми әдістерді қолданудың көмегімен жасушалардың, тек құрылысы бойынша ғана ұқсас емес екендігін дәлелдеді. Жасушалардың барлығының биохиммиялық және молекулалық-генетикалық тетіктері бар. Барлық жасушалардың тұқым қуалау белгілерінің берілу негізінде ДНҚ жатыр. Химиялық реакцияларды нәруыз-ферменттер басқарады. Тынысалу, биосинтез, заттардың түсуі және бөліп шығару үдерістері біркелкі өтеді. Көпжасушалы ағзалардың өсуі оның жасушасының көбеюіне негізделген. Әр түрлі ағзалар жасушалардың көбею тетіктері де ұқсас болып келеді.

Қазіргі заманғы жасушалық теорияның негізгі қағидалары мыналар:

  1. Жасуша – тіршіліктің құрылымдық және қызметтік ең кішкене өлшем бірлігі. Тірі ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады. Жасушадан тыс өмір жоқ.
  2. Жаңа жасушалар тек қана бұрыннан бар жасушалардың бөлінуінен түзіледі.
  3. Жасушалардың барлығы құрылысы, химиялық құрамы және өмір сүру үдерістері бойынша ұқсас болып келеді.

2.Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау заңдылықтары.

Моногибридті будандастыру дегеніміз - ата - аналары бір жұп белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру.

Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта алынған будан өсімдіктердің барлығының тұқымдары сары түсті болып, бірде - бір жасыл түс көрінбеген. Олай болса, ата - аналық екі іріктеменің тек біреуінің ғана белгісі жарыққа шыққан. Бірінші ұрпақта бірден көрініс берген мұндай белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атады.

...

Скачать:   txt (397.5 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (894.6 Kb)  
Продолжить читать еще 114 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club