«Биохимия» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмалары
Автор: aidanakyzi • Октябрь 2, 2018 • Лекция • 1,102 Слов (5 Страниц) • 1,624 Просмотры
5В060700-Биотехнология мамандығының
«Биохимия» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмалары
СОӨЖ жұмыстары жазбаша, презентация түрінде орындалады және СОӨЖ кестесіне сәйкес тапсырылады.
СОӨЖ қабылдау кезінде оқытушы қосымша сұрақтар қоя алады.
Үй жұмыстары белгіленген уақытта тапсырылуы керек, басқа уақытта қабылданбайды. Медициналық анықтамасы бар студенттерге СОБЖ тапсырмаларын белгіленген уақыттан кейінірек тапсыруға мүмкіндік беріледі.
№ | СОӨЖ тақырыптары | Апта | Балл |
1 СОӨЖ | Тақырыбы: Тірі организмдердегі белоктардың химиялық құрамы, құрылысы, физика-химиялық қасиеттері. 1. Амин қышқылдарының химиялық құрамы, түрлері, олардың белок молекуласында орналасуының химиясы. 2. Белоктардың аминқышқылдық құрамы, физика-химиялық, қасиеттері. 3. Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері, организмге қажеттілігі бойынша жіктелуі. 4. Алмасатын және алмаспайтын амин қышқылдарына жалпы сипаттама. Сырттан келіп түсетін амин қышқылдары және олардың негізгі көздері. 5. Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері (мысалдар). 6. Белок молекуласының 1- және 2- реттік құрылымы мысалдар). 7. Белок молекуласының 3- және 4- реттік құрылымы мыслдар). 8. Белоктарды бөліп алу және тазарту әдістері. 9. Белоктар құрамын анықтау әдістері (сапалық, сандық мөлшері, химизмі. C-шеткі және N-шеткі амин қышқылдарын анықтау). | 3 | 20 |
2 СОӨЖ | Тақырыбы: Белоктардың түрлері, организмдегі атқаратын қызметі. 2. Ферменттердің құрамы мен құрылысы. 1. Ерігіштігіне байланысты белоктардың жіктелуі: белоктың фракциялары. 2. Жануарлар мен өсімдік мүшелерінде белоктардың қор болып жиналуы. 3. Лактатдегидрогеназаның және пепсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттері, атқаратын қызметі. 4. Альбумин мен трипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттері, атқаратын қызметі. 5. Миоглобин мен химотрипсиннің кеңістіктік құрылымы, қасиеттері, атқаратын қызметі. 6. Ферменттер – белоктық заттар, құрамы. Химиялық катализаторлармен ұқсастығы мен айырмашылықтары. Жай және күрделі ферменттер (мысалдар). 7. Ферменттердің активті орталығы. Активті орталық құрамына кіретін қосылыстар, түрлері (мысалдар). Ферменттік реакциялардың активаторлары мен ингибиторлары (мысалдар). 8. Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакцияның әртүрлі факторларға тәуелділігі. 9. Ферменттік реакцияның кинетикасы. | 5 | 20 |
3 СОӨЖ | Тақырыбы: Ферменттердің классификациясы. Табиғаттағы көмірсулардың көптүрлілігі, тірі организмдердің тіршілігіндегі олардың биологиялық маңызы. 1. Ферменттердің жіктелуі. Оксидоредуктаза және лиаза класы ферменттеріне сипаттама, мысалдар. 2. Трансфераза және лигаза класы ферменттеріне сипаттама, мысалдар. 3. Гидролаза және изомераза класы ферменттеріне сипаттама, мысалдар. 4. Ферменттердің практикалық маңызы. Иммобилденген ферменттер. 5. Көмірсуларға жалпы сипаттама, жіктелуі, изомериясы. 6. Моносахаридтер, өкілдері, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы. 7. Ди- және олиго сахаридтер, өкілдері, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы. 8. Жануар полисахаридтері, құрылымы, өкілдері, биологиялық маңызы. 9. Өсімдік полисахаридтері, өкілдері, биологиялық маңызы. | 7 | 20 |
4 СОӨЖ | Тақырыбы: Метаболизм процестеріндегі липидтер мен нуклеин қышқылдарының орны. 1. Липидтердің химиялық құрамы. Липидтердің түрлері. Жай және күрделі липидтер. Биологиялық маңызы. 2. Май қышқылдарының түрлері, қасиеттері. Майдың түзілу реакциясы. Сұйық және қатты майлар. 3. Сабынданатын майлар, құрамы мен қасиеттері. Өкілдері. 4. Күрделі липидтер, түрлері, құрылысы, биологиялық маңызы. 5. Сабынданбайтын майлар, өкілдері, биологиялық маңызы. 6. Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы, түрлері, клеткадағы шоғырлануы. РНҚ мен ДНҚ молекулаларының ұқсастығы мен айырмашылықтары. 7. РНҚ құрылысы, түрлері, әрқайсысының атқаратын қызметі. 8. ДНҚ молекуласының құрамы мен құрылысы. Биологиялық маңызы. 9. ДНҚ түрлері. Өсімдік, жануарлар, бактериялар мен вирустардың ДНҚ-лары. Цитоплазмалық ДНҚ. Генетикалық код, оның қасиеттері. Мысалдар. | 10 | 20 |
5 СОӨЖ | Тақырыбы: Витаминдер мен гормондардың түрлері, синтезделуі, организмдегі рөлі. Олардың артық және жетіспеушілігінен туындайтын ауытқулар. Белоктар мен көмірсулардың метаболизмі. 1. Витаминдерге жалпы сипаттама. Суда еритін витаминдер, түрлері. Организмдегі маңызы. Олардың авитаминозы мен гипервитаминозы. 2. Витаминдерге жалпы сипаттама. Майда еритін витаминдер, түрлері. Организмдегі маңызы. Олардың авитаминозы мен гипервитаминозы. 3. Өсімдіктер фитогормондарына қысқаша сипаттама, түрлері, атқаратын қызметі. 4. Жануар гормондары. Синтезделетін мүшелері. Гормондардың биологиялық маңызы. 5. Гормондардың түрлері: ұйқы безінің, бүйрек үсті безінің, гипофиз, жыныс және т.б. гормондардардың химиялық құрамы, физ-химиялық маңызы (әрбір топ бір мүшенің гормондарын сипаттайды). 6. Белок биосинтезінің негізгі сатылары: транскрипция және трансляция. Генетикалық код, оның қасиеттері. Мысалдар. 7. Рибосоманың құрылысы. Амин қышқылдарының активтенуі. Аминоацил-тРНҚ-синтетазаның рөлі. Генетикалық код, оның қасиеттері. Мысалдар. 8. Трансляция сатылары: инициация, элонгация, терминация. Полипептид тізбегінің түзілуі. Генетикалық код, оның қасиеттері. Мысалдар. 9. Белоктар мен амин қышқылдарының ыдырауы. Амин қышқылдарының переаминденуі, тотыға дезаминденуі, декарбоксилденуі. 10. Организмдегі аммиактың залалсыздану жолдары. Орнитин циклындағы мочевинаның түзілуі. 11. Өсімдіктер клеткасындағы көмірсулардың гликолиз жолымен ыдырауы, оның өнімдері мен түзілетін энергиясы. 12. Жануарлар клеткасындағы көмірсулардың гликолиз жолымен ыдырауы, оның өнімдері мен түзілетін энергиясы. 13. Гликолиз және анаэробты тыныс алу: пирожүзім қышқылының ашуы, түрлері. 14. Аэробты тыныс алу, өнімдері, түзілетін энергия мөлшері. 15. Кребс циклы, түзілетін өнімдер мен энергия мөлшері. Электрондарды тасымалдау тізбегі, АТФ түзілуі. | 13 | 20 |
...