Ауа микрофлорасын талдау. Су мен топырақ микрофлорасын егу
Автор: Saida Tair • Декабрь 7, 2023 • Контрольная работа • 578 Слов (3 Страниц) • 188 Просмотры
Зертханалық сабақ № 12
Ауа микрофлорасын талдау. Су мен топырақ микрофлорасын егу.
Зертханалық сабақтың мақсаты - микроорганизмдердің табиғаттағы таралуы, ауа микрофлорасымен танысу.
Зертханалық сабақтың міндеті - ауаның және топырақтың микрофлорасын зерттеу әдістерімен танысу.
Ауа микрофлорасын зерттеу. Ауа атмосферасында микрококтар {Micrococcus roseus, M.flavus), сарциналар {Sarcina flava, S.alba, S.rosea) және басқа да пигмент түзуші бактериялар, споролы бактериялар {Bacillus subtilis, B.mycoides, B.mesentericus), саңырауқұлактардың Penicillium, Aspergillus, Mucor туысының өкілдері кездеседі.
Гигиена жэне санитарлық-эпидемия талаптарына сәйкес 1м³ ауадағы алтын түсті стафилококтар, стрептококтар, кей жагдайда- туберкулез микобактериясы, Грам теріс батериялар жэне санырау- құлақтардын ЖМС (жалпы микроб саны) анықталады.
Су және топырақ сияқты ауа микроорганизмдер тіршілік ететін орта болып саналады. Бактериялар көп мөлшерде ауаға шаң -тозаңмен түседі, олардың сандық және сапалық құрамы топырақ микрофлорасымен тығыз байланысты болып келеді. Микроорганизмдер ауада тіршілік еткенімен, ауа олардың көбею ортасы бола алмайды, яғни олар күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды. Ауа микрофлорасы негізінен климаттық жағдайларға, жыл және тәулік мезгіліне, тұрғылықты жерлерге байланысты өзгеріп отырады. Жаңбырлы күнде микробтар шаңмен қоса топырақтың бетіне шөгіп, ауа тазарады. Ауаның жоғары қабаты микробтардан едеәуір таза болып келеді. Адамдар көп жерлерде, ластанған аймақтардың ауасында микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі. Зерттеу міндеттеріне байланысты ауа микрофлорасын зерттеу кезінде түрлі тәсілдер қолданылады. Бөлмелердегі ауа ластануына баға беру үшін Кох тәсілі кең қолданылады. Ол үшін зерттелетін бөлмеге қатты қоректік орта құйылған Петри табақшаларын 5 -10 минутқа ашық қалдырып, уақыт аяқталған соң табақшаның бетін жауып, термостатқа 280 С орналастырады. 2-3 тәуліктік инкубациядан соң ауа микрофлорасына сандық есептеу жүргізеді. Бөлме ауаларында көбінесе бактериялардың кокка тәрізді формалары, оның ішінде Sarcina flava, споралы таяқшалар, зең саңырауқұлақтары кездеседі.
Әр түрлі бөлмелерге қойылған Петри табақшаларындағы микроорганизмдердің 1 м 3 аудағы санын анықтап, салыстырмалы түрде талдау жасау, колонияларды сипаттап, препараттар дайындап, ауа микрофлорасымен танысу, суреттерді салып, түсініктеме беру.
Топырақ микрофлорасын зерттеу. Топырақ — микроағзалардың көптеген түрлерінің өмір сүру ортасы, олардың табиғаттағы ең ірі қоймасы. Топырақтың 1 г микроағзалар саны əдетте жүздеген жəне мыңдаған миллион жасушалар болып саналады. Ол балшықты топырақта 200 млн қара топырақты жерде 5 млрд дейін құбылып тұрады. Топырақтың 1 г жырту қабатында 1...10 млрд бактерия болады, ал оның 1 га алаңындағы 15 см қалыңдықтағы қабатында 1-ден 6 т дейін микробты масса болуы мүмкін. Топырақта спора жасаушы патогенді бактериялар айтарлықтай ұзақ сақталады — аэробтық (споралары топырақта 15 жылдан астам уақыт сақталады) жəне анаэробтық — сіреспе, газды гангрена, ботулизм қоздырғыштары (олардың споралары да топырақта көптеген жылдар бойы сақталады, ал қолайлы жағдайларда өседі жəне бактериялар өздерінің топырақта өмір сүруіне көмектесіп көбейеді).
...