Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тыныс алу аппараты

Автор:   •  Сентябрь 9, 2021  •  Лекция  •  1,040 Слов (5 Страниц)  •  387 Просмотры

Страница 1 из 5

                      Тыныс алу аппараты

Жануарлар организмінде өтетін барлық процестер үшін оттегі қажет. Сондықтан организмнің тіршілігінің  нәтижесінде онда тотығу процестер өнімі жинақталады. Ауадан оттегін  сіңіру және организмнен көмірқышқыл газын бөліп шығару  тыныс алу жүйесі арқылы жүзеге асады. Олар дененің қызуын реттеуге қатысады және эндокриндік қызмет те атқарады.

        Тыныс алу жүйесінің мүшелері: мұрын, жұтқыншақтың  ауа жүретін бөлігі (аңқа), көмекей, кеңірдек және өкпе. Тыныс алу мүшелерінің көпшілігі түтікшелі мүше болып сипатталынады. Тыныс түтікшесі ауаны сіңіру және шығаруды қамтамасыз етуіне байланысты үнемі ашық болады. Оның ашық болуын ортаңғы қабаттағы бұлшық еттік ұлпамен қатар созылмалы дәнекер ұлпа сонымен бірге гиалинді және сүйекті ұлпалар қамтамасыз етеді. Тыныс алу түтікшесінің іші кілегей қабатпен қапталған. Кеуде қуысында жатқан кеңірдектің жартысы және өкпе сыртқы жағынан шырышты қабықпен көмкерілген, ал мойын бөліктегі кеңірдек борпылдақ дәнекер ұлпасымен, ал мұрын терімен қабатталған. Тыныс алу жүйесі функционалдік жағынан жүйке жүйесімен, және қан айналу жүйесімен байланысты. Тыныс алу мүшелері филогенездік даму кезеңінде өте күрделі жолдан өткен.  Себебі алғашқы организмдерде арнайы тыныс алу жүйесі болмаған. Оларда газалмасу тікелей жасушаның беткі қабығы арқылы жүзеге асқан. Мұндай тыныс алу түрі диффузды деп аталады. Дамудың салдарынан суда тіршілік ететін организмдерде жұтқыншақ кеңістігі пайда болуы салдарынан желбезек саңылаулары дамыды.  Олардың қабырғаларында қалың торлы болып қан тамырлары пайда болды. Жұтқан су желбезек саңылаулары арқылы өтіп, ал сумен енген оттегі желбезек қабырғасындағы қантамырлары арқылы қанға сіңді. Керісінше механизммен организмнен көмірқышқыл газы бөлініп шығарылды. Осылай организмдерде желбезекті тынысалу түрі пайда болды. Жануарлардың құрлыққа шығуына байланысты желбезектері жойылып, ал оттегі алғашқы ішек түтігінен дамыған ерекше мүшелер арқылы өкпеге енді. Осылай тыныс алудың өкпелік түрі дамыды.

        Мұрын және оның қуысының дамуы. Өкпе арқылы дамудың пайда болуы сезіну мүшелерінің дамуымен байланысты, бұл кезде жануардың бас жағында эктодерманың жиырылуы салдарынан екі ойық пайда болады. Осы ойықтарда эктодерма жасушаларымен бірге ми жүйкелерінің бірінші жұбымен байланысқан сезім эпителий жасушалары да болады.  Соңынан ойықтар тереңдеп екі сай түзеді, бұл сайлардың екі ұшы да ашық болады. Осы сайлар арқылы сезім жасушаларының иіске зерттейтін суы ағады.  Ал екінші жағдайда сезім сайлары дамып ауыз қуысына ашылады. Осылай даму салдарынан екі тесігі бар екі канал пайда болады. Ену тесігі мұрынға – танау, және мұрыннан  ауыз қуысына шығу тесігі – алғашқы хоаналар. Тыныс алу жолы сезім жолымен қосылып мұрын қуысын түзеді.  Осы кезде мұрын қуысы қатты таңдайдың көмегімен ауыз қуысынан ажыратылады. Оның артқы жағында дефинитивті хоаналар түзіледі. Ауыз және мұрын қуыстары бір-бірімен өзара қарапайым хоананың орнында сақталып қалған мұрын-таңдай өзегі арқылы қатысады. Көмекей мен кеңірдектің дамуы. Көмекейдің шеміршегі филогенезде 4, 5 және 6 жұп желбезек доғаларының қалдықтарынан дамиды.  Бүйір шеміршектерінің алғашқы жұбын қосмекенділерден байқауға болады. Кейіннен олар бірігіп сақинаша шеміршекті – cartilage cricoidea - түзеді. Сақинаша шеміршектен каудальды бағытта кеңірдек пен бронхтардың шеміршек пластинкалары қалыптасады. Көмекейдің бүйір шеміршектерінен ожауша шеміршектер де бөлініп шығады. Сүтқоректілердің көмекейінде осылармен қатар, қалқанша және бөбешік шеміршектер жетіледі. Бөбешік пен ожауша шеміршектер көмекейдің кіреберіс тесігін бітеп, жұтыну кезінде азықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Эмбриогенезде көмекей мен кеңірдек алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының томпаюы нәтижесінде дамиды. Алдымен онда ұзынша сай байқалып, кейін ол тыныс алу түтігіне айналады. Ал, оның алдыңғы бөлігі ішекпен байланысып көмекейді түзеді. Оның каудальды бөлігі ішектен ажырап, одан кеңірдек пен бронх пайда болады.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (75.8 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club