ДҚ жобалау бойынша бағдарламалық қамтама
Автор: sima2103 • Сентябрь 26, 2021 • Курсовая работа • 4,360 Слов (18 Страниц) • 333 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.Зерттеу объектісіне сипаттама 5
1.1.1Ішкі жүйелердің және ақпараттық ағымдарды талдау 6
1.2Техникалық қамтама 8
1.3 Технологиялық қамтама 8
1.4 Бағдарламалық қамтама 9
2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМІ 11
2.1 ДҚ жобалау бойынша бағдарламалық қамтама 11
2.1.1 Техникалық қамтамасыз ету 11
2.1.2 Арнайы бағдарламалық қамтама бойынша шешім 12
2.2 Жеке тапырма – Деканаттың деректер қорын құру 14
2.3 СҒЗЖ бойынша тапсырма – Мәзір құрылымын қалыптастыру 14
3. ТЕХНИКА ҚАУІПІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША ТАПСЫРМА 19
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
КІРІСПЕ
Зерттеу объектісінің өзектілігі. Еліміздің жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен әртүрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси үдерістерді басқаруда ғана емес, құрылым мекемелерінде де кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдаланылу кезеңінде білім мекемелерін білікті мамандардан, аппараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.
Жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін сапалы ақпараттық сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқыту үдерісінің мақсатымен, студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен, оқытылатын пәндермен, білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен анықталады.
Іс-тәжірибенің мақсаты – өндірістік шарттарда арнаулы пәндерді бекіту; кәсіби тәжірибеде алған дағдылықты жетілдіру, студенттің практикалық жұмысқа маман ретінде дайындалуы, кәсіпорындардың қоғамдық өмірдегі жұмысын игеру, ғылыми жұмыстар үшін материал дайындау.
Іс-тәжірибенің міндеті – - негіздік және пішіндік тәртіптер бойынша ЖОО-да алған аумақты қағида мен тәжірибелі білімнің бекітілуі.
- өзіндік жұмыс құзырлығы дағдысының дамуы және есеп беру жұмысын дайындау кезінде пайда болған қиындықтар мен сұрақтар үшін зерттеу әдістеріне ие болу;
- қағидалар және тәжірибелер шешімін табу үшін қабілетке ие болу .
Сала жағдайының сипаттамасы – «Агро консалтинг» ЖШС-ніңмекемесі жер кадастрлік жұмыстарымен жұмыс жасайды.
Зерттеу тақырыбының технологиясы – Компьютерлік желілердің ақпараттық жабдықтары, локальді және ауқымды желілердің ерекшеліктері.
Зерттеу тақырыбының техникасы – операциялық жүйелерді мекемеде қолдану ерекшеліктері, ОЖ қолдану барысында техниканы қолдануып, қажетті бағдарламалармен драйверлерді қолдану болып табылады.
Есеп беру жұмысы үшін материалдар дайындау барысында мынандай сұрақтарға ерекше көңіл бөлді: ақпараттық жүйенің құрамына, оның қиын жерлері мен жетіспеушіліктеріне, ақпараттық жүйенің технологиялық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі қажет.
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
- Зерттеу объектісіне сипаттама
31.05.2021ж.-09.07.2021ж.аралығында «Агро консалтинг» ЖШС мекемесінде өндірістік іс-тәжірибе өтілді.Өндірістік іс-тәжірибе орнына университет тарапынан жіберілді. «Агро консалтинг» ЖШС-нің мекемесіндегі өндірістік іс-тәжірибе барысында іс-тәжірибе канцелярия бөлімінде өтілді. Шымкент қаласының «Агро консалтинг» ЖШС мекемесі 2007 жылдың 25 сәуірінен бері 5 адамдық шағын бизнес ретінде жұмыс жасап келеді. Нарықта бағдарламалық қамтамасыздандыру және бизнес және менеджмент бойынша кеңес беру ісі бойынша 14 жыл 4 ай бойы қызмет көрсетті. Сонымен қатар:
...