Cүйектердің үзілісті,үзіліссіз қосылыстары. Буындардағы қимылдардың түрлері
Автор: ESSGX GSXQUS • Апрель 2, 2023 • Контрольная работа • 1,761 Слов (8 Страниц) • 306 Просмотры
[pic 1]
БӨЖ
Тақырыбы:Cүйектердің үзілісті,үзіліссіз қосылыстары. Буындардағы қимылдардың түрлері.
Орындаған: Исаматдиова С.Б
Тобы:101Б Фармация
Қабылдаған: Жунусова А.Ж
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Сүйектер қосылысының жіктелуі классификациясы
- Үздіксіз қосылыстар
- Үздікті қосылыстар,буындар
- Буындардың биомеханикасы
- Буындарда қозғалыстарының түрлері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сүйектер қосылыстары туралы ілім артрология (Arthrologia) деп аталады. Сүйек қосылыстары қанқа сүйектерін бір тұтас етіп біріктіреді және олардың шектелген немесе кең ауқымды қозғалыстарын қамтамасыз етеді.Сүйектер қосылған жердерінде сүйек өседі.Сүйектер қосылыстары дененің қозғалуына және рессорлықта қызыметін атқарады.Филогенездік даму барысында суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқаларда сүйектер бір бірімен дәнекер тін,кейінректе шеміршек тіндер арқылы тұтасып үздіксіз қосылады.Алайда, сүйектердің мұндай үзілісіз бітісуі тәселі қозғалыс шектейді.Қозғалыстың сүйекті рычагтарының пайда болуына байланысты, сүйектер аралығында тіндер жойылып, олардың аралығында саңлаулар мен қуыстар пайда бола бастайды, сөйтіп сүйектер қосылысының жаңа түрі-үздікті қосылыстар пайда болды.Сүйектер қосылып қана қоймай, буындаса бастайды,нәтижесінде сүйек рычагтарына кең ауқымды қимылдар жасауға мүмкіндік беретін буындар түзіледі. Бұл жағдай жануарларға,әсіресе олардың құрлықты тіршілік етуіне мол мүмкіндік туғызады.
[pic 2]
Үздіксіз косылыстар – синартроздар.Атап өтілгендей, қаңқа өз дамуында 3 кезеңнен өтеді дәнекер тінді, шеміршекті және сүйекті Бір кезеңнен басқа кезеңге өту сүйсктер арасындағы тін өзгерісіне де байланысты болғандықтан, сүйектердің қосылуы да өз дамуында осы үш кезеңнен өтеді, сондықтан синар-троздың үш түрін ажыратады I. Егер туғаннан кейін сүйектер арасында дәнекер тін калса, онда сүйектер дәнекер тш арқылы қосылады (талшық), (сіезте - байлам) синдесмоз.II Егер сүйектер аралығында дәнекер тін шеміршек болса, ондасүйектер шеміршек тпі арқылы байланысады. Сүйсктср арасында дәнекер тін сүйек тініне ауысса нсмесе алды-мен шеміршек, содан кейін сүйек тініне (хондралды остеогенезде) ауысса,онда сүйектер сүйек тіні аркылы косылады - синостоз) (ВИА).Жеке тұлға өмірі бойында сүйектердің қосылу сипаты өзгермей қалмайды. Сүйектенудің үш кезеңіне сәйкес синдесмоздар синхон-дроздар мен синостоздарға айналуы мүмкін.Синдесмоз, сүйектердің дәнекер тін аркылы үзіліссіз қосылуы болып табылады.
Сүйек қосылыстарының түрлері.
1.Егер дәнекер тін сүйектердің үлкен аралықтарын толтырса, онда мұндай қосылу сүйекаралық жарғақ түріне ие болады, мысалы, білекте немесе сирақтағы сияқты.
2.Егер аралық дәнекер тін талшықты шоғырлар құрылысына ие болса, онда фиброзды байламдар,(омыртқа бағанасының байламдары) түзіледі. Кейбір жерлерде (мысалы,омыртқа доғаларының арасында) байламдар серпінді дәнекер тіннен түрады; олар сарғыш түсті.
3.Бассүйек сүйектері арсында аралық дәнекер тін жұқа қабатша сипатына ие болса, онда жіктер,пайда болады. Үзара қосылатын сүйек жиектерінің пішініне қарай жіктерді былайша бөледі:
...