Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дəнді бұршақ дақылдарының вирус аурулары және олармен күресу шаралары мен қорғау жүйесі

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Реферат  •  1,978 Слов (8 Страниц)  •  458 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚCТАН РECПУБЛИКАCЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИCТРЛIГI

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВEРCИТEТI

кoммeрциялық eмec акциoнeрлiк қoғамы

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дəнді бұршақ дақылдарының вирус аурулары және олармен күресу шаралары мен қорғау жүйесі

                                                              Орындаған: Мусаева Қ.

                                                                      Тобы: ЗР магистратура

                                                                      Қабылдаған: Сыбанбаева М.

Алматы 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Дəнді бұршақ дақылдардың вирус аурулары

2. Дəнді бұршақ дақылдарын вирустық аурулардан қорғау жүйесі

 Қорытынды

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, ноғатық, бөрібұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофан, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әр түрлі дәрумендер (А,В,С, т.б.) де шоғырланған.

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабағы мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадағы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырады. Олардың агротехникалық маңызы да зор: тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арқасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Өсімдіктердің вирус аурулары белгілерінің ең кең тараған типі – хлорофилдің ыдырауы себепті өсімдік жапырағының теңбілдігінің байқалуы: түссізденуі, ашық жасыл жəне қою жасыл жолақтардың алма-кезектеліп келуі, некроз дақтары, шеңберлер жəне т.б. кейбір өсімдіктер ұлпаларының азғана бөлігінің өлуі де байқалады. Бірқатар жағдайларда жапырақтарының бүрісуінің нəтижесінде өсімдіктің пішіні де өзгеруі (деформация) мүмкін.

Сонымен қатар вирус ауруларының өсімдіктің сары ауруы деп аталатын тағы бір тобы да жиі кездеседі. Оның қоздырғышы флоэмада орналасып, өсімдіктің зат алмасу үрдісіне тереңірек əсер етеді. Осының нəтижесінде өсімдіктердің биіктеп өсуі тежеліп, шамадан тыс түптеніп, рак өсінділері пайда болады жəне басқа да өзгерістер жүреді. Көмірсулардың қалыпты тасымалдануы бұзылуы салдарынан өсімдік жапырақтарында крахмал жиналады. Олар қалыңдап, үгілгіш келеді, олардың түсі өзгереді жəне де орталық жүйке бойымен ширатылуы да байқалады.

Негізгі бөлім

  1. Дəнді бұршақ дақылдардың вирус аурулары

1.1 Қытайбұршақтың теңбілі (мозаикасы)

Қытайбұршақ теңбілі республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Аурудың негізгі белгісі – ауруға шалдыққан өсімдіктің жапырағының ала-құла болып теңбілденуі (1-сурет). Сонымен қатар, кейде дертке шалынған жапырақтың деформациялануы жəне ісінуіде байқалады. Кеселге шалдыққан өсімдіктің өciп-жетілуі тежеліп, бұршақтары майысып, майдаланып, нашар түптенеді.

[pic 1]

1-сурет Қытайбұршақтың теңбілі (мозаикасы)

Ауру қоздырғышы – Soya virus I Smith, вирусы. Бұл қоздырғыш табиғи жағдайда қытайбұршақты ғана залалдайды. Вегетация кезеңінде инфекция бітелер көмегімен дертті өсімдіктен сау өсімдікке таралады. Кеселдің инфекция қоры тұқымда сақталады. Аурудың əсерінен тұқымның тауарлық сапасы, май мен ақуыз құрамы, тұқым шығымы (20-26%) жəне көк балауса массасы едəуір төмендейді.

...

Скачать:   txt (28.2 Kb)   pdf (439.4 Kb)   docx (338.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club