Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бір орманның оқиғасы

Автор:   •  Март 23, 2023  •  Сочинение  •  782 Слов (4 Страниц)  •  154 Просмотры

Страница 1 из 4

                                                Бір орманның оқиғасы

   Патшаның қызы Алтынай мұңайып, көңілсіз отыр.  Әкесі мұны көріп: Қызым, не болды? Неге мұңайып отырсың ?  Мектепті жақсы бітірдің. Институтыңа түстің.  Мамандығыңды алдың. Енді не болды?  Күлмесқыз секілді болып қалдың.

Алтынай күрсініп: Менің жаным ауырып тұр...

Патша: Жаныңды не қызықтырады? Көңіліңді не көтереді ?

  - Орманнан хабар келді ,әке. Міне , оқып берейін. « Ормандағы батпақтар кеуіп қалды. Қоңыздар мен шыбын шіркейлер, олармен бірге тіпті құстар: тоқылдақтар мен бұлбұлдар,көкқұтандар да ұяларын тастап кетіп қалды »

  Патшаның есіне биылғы жылы бұлбұлдардың сайрағанын естімегені түсті.

Алтынай хатты әрі қарай оқиды. «Барлық аң жоғалды.Қояндар мен тиындар, аюлар мен түлкілер, борсықтар мен суырлар да жоғалды. Тіпті қасқырлардың өзі жоқ»  Бұл қалай болғаны, әке? А-а-а-а!    

  - Қоя қой ,қызым! Біз бәрін білеміз, асықпа.Бізге біреу зиян тигізіп жүрген шығар.

  - Қалай жыламайсың, әке!  Әне,әне, қарашы! Бұлттарды қарашы! Аспанда жүзіп жүрген күйе сияқты ғой, әке! Бұлттарды кім кірлетті?

  - Жылама ,қызым, сабыр ет! Бәрін біліп алайық. Мен жарлық шығарамын.Біз батыл боламыз. Біз епті боламыз.жағдайды барлау үшін.Табиғаттағы барлық нәрсені түзету үшін... қалай еді,әлгі... экология үшін,  -деп патша қызын жұбатпақ болады.

  Сәл отырып ойланады. «Шынымен түк байқамаппын, бәріне мән бермей жүре беріппін. Қартайғаным ба,әлде? Өткен жылы егін де жинамадық. Бақшадан да түк алмадық. Барлық  өсімдік жоғалып кеткен сияқты.  Анау жаңбыр ше, ол да біртүрлі болды ғой. Сол жаңбырды «қышқыл»деп атап еді- ау »

Ұзақ ойдан арылған патша кенет қызына бұрылып:

   -Жарайды, не істеу керек екенін ертең ойлайық. Ертең жарлық шығарамын- дейді.

 -Жоқ,әке, бүгін шығар! Орманды сақтау керек -деп өтіне бастайды Алтынай.

 -Қазір кеш болып кетті. Таңертеңнен бастайық. Демалайық, -дейді патша.

Сосын есіне бірдеңе түскендей кілт бұрылып, Алтынайға:

 -Осы интернет бізге көмектеспейді ме,екен? Содан  сұрап көрсек ,болмай ма?

 -Иә, расымен де. Қалай есіме келмеген?!

Алтынай жүгіріп бөлмесіне кетті. Шаршаған патша ұйықтауға кетті.

Алтынай ғаламтор желісіне тез хабарламалар жаза бастады. "Кім көмектеседі? Кім құтқарады?” деген хабарлама жан- жаққа кетіп жатты.

  Сырғып уақыт өтті. Таң да атты. Оянған патша дереу Алтынайды дауыстап шақыра бастады. 

 -Алтынай тұрдың ба?  Терезеден қарашы, аулада бір балалар жүр- дейді.

Терезеге қарай қалған Алтынай бәрін түсінеді.

 -Әке, бұл интернеттен тапқан балалар ғой. Бізге көмек береді- деп сыртқа жүгіріп кетті.

Сарайға кірген балалар амандасып болған соң, сөз бастады.

-Бізді Алтынай шақырды. Сіздердің қиындықтырыңызды естіп , көмектесуге келдік.

 -  Жақсы, екен, балалар! Іске сәт!

 -Біздің табиғатымыз өте нашар жағдайда тұр. Бәрі көңілсіз.Тіпті жауын құрттары да көрінбейді.

Балалар:  Біз табиғатты зерттейміз. Сіздердің флора мен фауналарыңызды сақтап береміз. Алтынайдың арманын орындаймыз.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (64.5 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club