Биосфераның экологиялық мәселелері
Автор: munira17 • Март 1, 2021 • Лекция • 1,339 Слов (6 Страниц) • 786 Просмотры
№2.2 Дәрістің тақырыбы: Биосфераның экологиялық мәселелері
Сабақтың жоспары:
- Қоршаған ортаның ластануы және олардың түрлері.
- Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелер: климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жауын-шашын, әлемдік мұхиттың ластануы, олардың пайда болу себептері және зардаптары.
!!! Тақырыпқы байланысты қосымша видео материалды көріп коспект жасау керек. https://www.youtube.com/watch?v=mgNN8sMcjws
Қазіргі кездегі бізді қоршаған ортаның ластауының бірнеше түрлері бар:
Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, жылулық (қоршаған ортаға қызған ағынды су немесе ауаның түсуінен орта температурасының өзгерісі), шу арқылы (әртүрлі дыбыстардың әсерінен қоршаған орнаның ластануы, дыбыстың өлшем бірлігі децидел дБ, жүйке жүйесін тоздырып, есту нашарлап, психикалық құбылмалылыққа әкеледі), вибрациялық (әртүрлі жиіліктегі акустикалық құбылмалылық) және иондық ластану;
Химиялық ластану- көміртегі өнімі, күкірт көмірсулар, ағызынды сулар, пестицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозольдар сияқты заттардың қоршаған орта компоненттеріне түсуі;
Биологиялық ластану- ауыру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс жылдам көбейетін және зиян келтіретін ағзалар; Биологиялық ластану- тірі ағзалардың көмегімен ластану және әртүрлі жұқпалы аурулардың пайда болуы. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді:
- Ауадаға тамшылардың көмегімен тарау, яғни тыныс жолдары арқылы жұғуы;
- Ауыз арқылы тару, микробтардың ішек-қарын жолдарына түсуі;
- Қан арқылы тарау, яғни микробтардың жәндіктер арқылы қанға түсуі;
- Жыныс қатынасы арқылы таралуы.
Ауа райы ыстық елдерде су арқылы адам ағзасына түсіп амебиоз, эхинооккоз және басқа ауру туғызатын паразиттер көп. Эхинокок паразиті көбінесе ит пен мысық арқылы және кір қол арқылы жұғады.
Эстетикалық зиян- табиғаттың қайталанбас сұлу ландфаштарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы және т.б.
Ластану көлемі бойынша: әлемдік, аймақтық және жергілікті деп бөлінеді.
Табиғи ортаның ластануының біріншілік ластануына - биосферадаға табиғи және антропогендік процестер жатады. Ал, табиғи ортаның екіншілік ластануына- қоршаған ортадағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде түзілетін заттар жатады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде әлемдік экологиялық мәселерді туғызып отыр, олар: «Көшетхана эффектісі», қышқыл жауындар, озонның жұқаруы, смог және осылардың әсерінен туындайтын зардаптар. Атмосфера ауасының ластануы жайлы тереңірек білген жөн, себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немес қоспа түрінде топыраққа, су бетіне одан қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі.
1. Атмосфера- ауадан, химиялық қоспалардан және су буларынан тұратын күрделі жүйе. Ол – метрологиялық режимнің маңызды факторы мен биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүру ортасы. Атмосферадағы әр түрлі компоненттердің қатынасынан оның радиациялыққа, жылулыққа және ылғалдылыққа әсері, өзін өзі тазарту мүмкіндігі қалыптасады. Атмосфералық ауаның 80% тропосферада болады. Атмосферадағы шекті рауалы концентрация мг/м3 өлшенеді. Атмосфераның биосферадағы жоғарғы шекарасы 22-24 км биіктікте өтеді, тіршіліктің одан жоғары өтуіне күшті радиация кедергі жасайды.
Көміртектің қос тотығы- көлемі бойынша ауаға шығып жатқан ең бірінші орындағы ластаушы болып табылады. Бұл химиялық заттың қауіпті әсері үлкен. Оның биосфераға негізгі әсері «көшеткі эффектісі» арқылы болады. Бұған қарағанда СО газының улылығы үлкен, бірақ та ол ауада тұрақты емес және ол СО2 айналып кетеді. Осы газдардың ішінде үлкен қауіпті болып күкірттің қос тотығы (SO2) немесе күкірт ангидриді келеді. Бұл түссіз өткір иісті газ, оның ауадағы су буларымен қосылыстары адамның тыныс жолдарын қабындырып, ауруға әкеледі. Ұзақ уақыт бойы осы заттармен улану қан айналымын бұзып өлімге де әкеледі. Ауаны ластайтын зиянды заттарға азот тотығы, көмірсутектер, бензопирен, хлор, фтор және басқалар жатады.
...