Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үңгірлер аллегориясы

Автор:   •  Сентябрь 12, 2019  •  Реферат  •  1,590 Слов (7 Страниц)  •  19,044 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспар:

  1. Кіріспе..................................................................................................... 2

Аллегория жайлы жалпы түсінік

  1. Негізгі бөлім.......................................................................................... 3
  1. Ежелгі грек философы – Сократ
  2. Философиядағы объективтік идеализмнің көрнекті өкілі – Платон
  3. Үңгір аллегориясы
  1. Қорытынды.......................................................................................... 8
  2. Әдебиеттер............................................................................................ 9

Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу, яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру. Аллегория  оқырманның не көременнің санасына,қиялына ерекше әсер ететіндей,образ жасаудың бейнелеуіш құралы,көркемдік тәсіл.

Ежелгі Грекия

 Философия әлеміне саяхатқа аттанбас бұрын ежелгі Грекияға, үш ұлы философ өмір сүрген дәуірге көз жіберіп көрейік. Бұл - биік таулар қоршаған, құнарлы жазирасы да бар, аумағы шағын, табиғаты қатал аймақ еді. Бұл жерлерді тәуелсіз, ержүрек және денсаулығы мығым адамдар мекендеді. Саяхаттың ең қарапайым тәсілі - теңіз жолы еді. Қалалар бір-біріне өте жақын орналасқанымен, араларын күрделі рельефтер бөліп тұрды. Гректер көкөніс пен жемістің бірнеше түрін ғана өсірді. Балық қоры солтүстік аймақтардағыдай мол болған жоқ. Ешкі еті негізгі тағам ретінде көп пайдаланылды. Барлық жерде зәйтүн ағаштары жайқалып өсіп тұратын, зәйтүн майы, шарап мол болды. Ауа райы ыстық, жазы өте құрғақ, ылғалы аз еді. Аптап ыстық адамды қалжырататын. Осындай аймақты «мықты, іскер, алғыр және зерек» деп си патта лған адамдар мекендеді. Ежелгі Грекия қазіргі мемлекеттердей біртұтас болған жоқ. Әр қала тәуелсіз құрылым еді. Афина қаласы шамамен 240 000 адам мекендеген мемлекет болды. Тұрғындарының басым бөлігі құлдар еді. Қаланы тәуелсіз азаматтардың халықтық жиналысы басқарды. Афина сәулет өнерімен, музыкасымен, әдебиетімен және философиясымен танылды. Ал Спарта мүлде басқа ел еді, ол қатаң әскери мемлекет болатын. Мұнда сәбилерді ата-ана құшағынан алып кетіп, әскери ортада тәрбиеледі. Спарта әдебиетті, сәулет Сократ пен Платон: от пен кун 15 өнерін немесе өнердің басқа да түрлерін бағалаған жоқ. Экономикасы құлдар еңбегін пайдалануға негізделді. Ал барша ер-азамат тек әскери істі ғана меңгерді.

Платон - өз еңбектерінде қазіргі заманғы тоталитарлық мемлекеттің теориялық негіздемесін тужырымдаған және ер балалардың дәстүрлі мектепинтернаттарының орындылығын алғаш болып дәйектеген философ. (Осының барлығын б.д.д. төртінші ғасырда айтып кеткен.) Шын мәнінде, ол бұдан да көп іс тындырды: Платон таным теориясын бірінші болып ұсынды. Платон мен оның ұстазы Сократ - адамгершілік мәселелерін шешу үшін ақыл-ойды қолдануды алдымен айтқан адамдар.

Ежелгі грек философы - Сократ

Біз ұлы ойшылдардың бірі Платон туралы баяндағанда, оның досы және устазы Сократты айтпай кете алмаймыз. Сократ философияның бастауында тұрған жанның бірі болды. Оны философия үшін зардап шеккен ең алғашқы адам деуге де болады. Ақиқат жолындағы табандылығы мен адалдығы Сократты өлімге душар етті. Сократ «Афина жастарын азғындатты, қаланың құдайларына құлшылық етпей, жаңа құдайларға табынуға шақырды» деп айыпталды.

[pic 1]

Сократ шамамен б.д.д. 470 жылы дүниеге келді (біз оның б.д.д. 399 жылы өлтірілгенін білеміз). Жастық дәурені мен балалық шағы Афина қаласының ықпалы артып, мәдени дамуы шарықтау шегіне жеткен кезеңіне туспа-тус 16 келді. Сократ Афина армиясында гоплит қызметінде болды. Түр-келбеті өте ұсқынсыз болған. Бір замандасы оның Сатирға ұқсайтынын айтыпты. Енді бірі Сократтың жүрісі суда жүзген құсқа ұқсайтынын, көзі аударылып-төңкеріліп тұратынын айтады. Ол қысы-жазы бір киіммен және үнемі жалаңаяқ жүретін. Сократ өте ыңғайсыз қалыпта ұзақ уақыт бойы қозғалмастан тұра беретін. Сірә, бұл оның ақыл-ой тұңғиығына бойлауының ұзаққа созылған сәттері болса керек. Дельфилік сәуегей тірілер ішінде Сократтан асқан кемеңгердің жоғын айтыпты. Сократ өзінің дана екенін түсінді, өйткені өзінің ештеңе білмейтінін білді. Ол - адамгершілік туралы толғаған мысқылшыл философ. Сократтың негізгі әдісі - адамдардан олардың өз пікірлерінің дұрысы мен ақиқат екенін қайдан білетінін сұрау болатын. Демек, ол - философиялык жүйе жасаушы емес, басқа адамдардың ойларын қатаң сынаушы. Сократ этика (өмірлік оң мақсаттарды және оларға жетудің мүмкін жолдарын таңдау) ұғымын бірінші болып тұжырымдады. Философ ішкі ұят оған ешқашан не істеу керегін айтпайтынын, бұрыс іс істегенде белгі беріп, ескертетінін айтты. Сократтың өмірі туралы бізге жеткен мәліметтер бойынша, оның әйелі Ксантиппа долы, тілі ащы жан болған. Осы мінезін еш тайсалмай күйеуіне де көрсетіп отырған. Бірақ бұл болмысы оның күйеуімен тайталаса өмір сүруіне мүмкіндік те берді.

...

Скачать:   txt (22 Kb)   pdf (512 Kb)   docx (385.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club