Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үңгір аллегориясы

Автор:   •  Февраль 5, 2021  •  Лекция  •  564 Слов (3 Страниц)  •  2,363 Просмотры

Страница 1 из 3

Үңгір аллегориясы

Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес. Платон нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Платон мұны қанағат тұтпады. Ол қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үстірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл – осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы.

Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде ұғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана – тіпті өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар.

Адам қайдан біледі?

Платонның қалыптасуына түрлі нәрселер ықпал етті. Оны ежелгі грек әлемінің тылсым діни жүйелері шабытқа бөледі. Ол математиканы қатты құрмет тұтты. (Сол кезде мистика мен математика тығыз байланысты деп есептелді). Платон нақты дүние – мәңгілік, уақытпен шектелмеген, ал оның өзгермелілігін қабылдау иллюзия ғана деп сенді. Сократтың ықпалымен ол этикаға қызығып, дүниені оның себептері тұрғысынан емес, мақсаттарымен байланыстыра отырып түсіндіруге тырысты. Адам интеллектуалды және адамгершілікке үндейтін ғылымдарды үйлестіру арқылы ғана ізгілікті танып-біле алады.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (30.4 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club