Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси ғылымның пайда болуы мен калыптасуы?

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Контрольная работа  •  329 Слов (2 Страниц)  •  437 Просмотры

Страница 1 из 2

1 Саяси ғылымның пайда болуы мен калыптасуы?

    Саясаттану грек  тілінің саясат ж\е  ілім  деген сәзінен шыққан. Қоғамда саясаттанудың орны ерекше себебі : адамзат тарихында саясаттың алатын рөлі ерекше оның  дұрыс бұрыстығын, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Ерте заман кезіндегі пайымдау бойынша діни-мифологиялық болды, себебі : сол кездегі адамдар құдайдың құдіретінен жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде ойлаған. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялықтың орнына философиялық-этикалық түрі келді.аса зор еңбек еткендер- Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар саясатты теориялық тұрғыда зерттеп оны этикамен тығыз байланыстырды, саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп білген.Аристотельді саясаттанудың негізін қалаушы деп айтады. Себебі : ол өз заманында лицей ашып сол жақта саясаттануды өзі жүргізетін болған.

Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасты.Негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды  құлатуынаболады деген байлам айтқан. Саясатты қазіргідей түсінуге үлесін қосқан Италияның ойшылы  XVI ғасырда өмір сүрген ойшыл Никколо Макиавелли.Ол саясатты құдайшылдық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеген.

    Феодализмнің ыдырауы, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізу,көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүнкіндік берді. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты және АҚШ–та 1857жылдан бастап саясаттану қарқынды дами бастады,мектептер, колледждер, кафедралар, академиялар, ассоциация құрылды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығы мен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор үлесін қосқан. Мысалға алсақ: қазіргі таңда АҚШ,Шығыс елдерінде саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттер міндетті түрде оқытылады, әлемнің ірі университеттері саясаттану пәніне арнайы мамандарды дайындайды.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (42.6 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club