Ш. Есенов атындағы КТИУ кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау
Автор: Асылай Ултанова • Февраль 23, 2023 • Эссе • 613 Слов (3 Страниц) • 1,533 Просмотры
Ш.Есенов атындағы Каспий Технологиялар және Инжиниринг Университеті
СОӨЖ №1
Пәні: Академиялық жазылым
Тақырып: «Ш. Есенов атындағы КТИУ кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау» 1. Ш. Есенов атындағы КТИУ кітапханасының интернет-залындағы Қазақстан ғылымының түрлі бағыттары бойынша соңғы 5 жылда (2010-2015) жарық көрген ғылыми мақалаларды (монографияларды) қарап шығу.
Орындаған: Ұлтанова Асылай
Тексерген: аға оқыт. Толетова Ж.К.
Ақтау 2023 ж.
Біздің таңдауымыз- парасыз болашақ
Билер, пара жемеңдер,
Жанға бейнет кезбеңдер.
Кісі халқын алмаңдар,
Аузыңа пара салмаңдар.
Дүние жинап өткен жоқ,
Біздің бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын,үлкендер,
Құдайдан ғапіл өтпеңдер.
Әлің келсе Мекке бар,
Артық дәулет біткендер!
Шортанбай Қанайұлы
«Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жыл санап білімді қазақ жастары қарқынды өсіп келеді. Қазіргі таңда шетелде білім алатын жастарымыз өте көп. Менің Қазақстанымда жастарға деген жағдай жақсы жасалынған. Мағжан ағамыз сенген арыстандай айбатты, қырандай күшт қанаттыі жастар сол үлкен сеніммен алда келе жатыр.
Біз –жастар, елімізде белең алып келе жатқан жемқорлық, пара деген жаман сөздерге қарсымыз. Әрбір адам бұл жайында естігенде жаны түршігіп, Алланы есіне алуы керек шығар деп ойлаймын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген нақыл сөздің өзі шыншыл болуға, әділ болуға, тура айтуға үндейді. Осы орайда, менің айтқым келгені сыбайлас жемқорлық, яғни парақорлық туралы болмақ.
Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Бүгінде күллі әлем жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді осынау тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды. Міне, осы жолда, еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын қоғамдық дерт – сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет.
...