Философия даналыққа құштарлық
Автор: Meyrambekkyzy • Январь 28, 2022 • Эссе • 592 Слов (3 Страниц) • 2,032 Просмотры
Философия даналыққа құштарлық
Философия ұғымы грек тілінен даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді екен. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді. Бұл ғұлама сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізіп әкелген болатын. Яғни бұл сөздің қолданысқа келуі сонау б.д.д. V ғ бастау алған екен. Сол уақыттар аралығында яғни Грекияда мәдениеті жоғары, бай әдемі гүлденген аймақта өздерін даналармыз деп санайтын және солай атайтын адамдар болған . Олар тек қана ойлапта ғана емес сонымен қатар басқаларын даналыққа оқытып , және оған қоса сұраныстарын да жеткілікті арттырған деседі. Даналыққа оқытудың басқа кәсіптік оқуға қараған айырмашылығы жермен көктей еді. Мысалы кәсіптік оқуда ол жерде адам бірдеңе үйренеді ма жоқпа тексеруге көруге болатын. Ал мына даналық оқытуда нәтижесін іспен көрсету онайға соқпайтынын айту керек. Бұл оку үшін ешқандай ақша қаражат төлемейтін . Осы уақытта адамдардың аңқаулығын пайдаланып өздерін даналармыз деп санайтын адамдардың алдамыштарыда аз болған жоқ. Нәтижесінде осы алдамыш адамдар мазаққа қалған болатын. Нағыз дана адамдар ешқандай ақшасыз оқытқан болатын. Ол адамдар өздерін сыпайы әрі нақты түрде философпын деп атап , өздері тек қана даналықты сүйетінін айтқан. Осындай философтардың бірі Сократ болған. Сократ: біз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі айтқан екен. Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады. Философия сөзі ақиқатқа талпыныс деп түсінілді. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады деп айтқан болатын . Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге , табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді екен.
Даналыққа құштарлық – бұл сөз тіркесінде құштарлық , белгі бір нәрсеге таңдануы және өзінен жоғары тұрған нәрсені сезімімен мойындауы , өзге үшін өзіңді ұмыту өзіңнен бастарту сезімінен аңғарады деседі. Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы. Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.
...