Философия даналыққа құштарлық және ойлау мәдениеті ретінде
Автор: tusupova13 • Май 7, 2020 • Реферат • 5,020 Слов (21 Страниц) • 3,011 Просмотры
Дәріс 1.1. Философия даналыққа құштарлық және ойлау мәдениеті ретінде
1.Философияның анықтамалары мен түрлері және бағыттарының санқырлылығы.
2.Философия пәні және қызметтері.
3. Философия функциялары.
«Философия» термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр.Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды.Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.
Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады.Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарға негізделген.
Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері:
Онтология - болмыс туралы ілім
Гносеология - таным теориясы
Эпистемология – ғылыми таным
Аксиология – құндылықтар туралы ілім
Праксеология – адам іс-әрекеті туралы ілім
Философиялық антропология - адам және оның әлемдегі болмысы жайлы ілім
Әлеуметтік философия - адамзат қоғамының мәні мен дамуы туралы ілім
Логика – ойлаудың формалары мен заңдары туралы ілім
Этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім
Эстетика- сұлулық туралы ілім
Философия тарихы- философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім.
Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.
Материализм түрлері:
Стихиялық-тұрпайы – ежелгі философияға тән табиғи материализм
Механикалық-метафизикалық – жаңа дәуір және ағартушылық кезеңіндегі материализм
Диалектикалық – неміс классикасы және марксизм философиясының әдістемесі
Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.
Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.
Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай былай бөлінеді:
Монизм –дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады.
Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар.
Дүниетанымның тарихи түрлері:
- Мифология (негізі - аңыз, қиял)
- Дін (негізі – сенім)
- Философия (негізі - ақыл-ой, зерде)
Философияның даму барысы:
- КОСМОЦЕНТРИЗМ
- ТЕОЦЕНТРИЗМ
- АНТРОПОЦЕНТРИЗМ
Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы.
Методология(әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі.
Әдіс- теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі.
...