Ойлау мәдениеті
Автор: Adeeelekk • Октябрь 20, 2020 • Контрольная работа • 915 Слов (4 Страниц) • 1,212 Просмотры
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия даналыққа деген сүйіспеншілік ретінде. Философияның сұхбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі - сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас - қазіргі Қазақстанның рухани жаңару мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты. Адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі - ойлау мәдениеті болып табылады. Ойлау мәдениеті өз табиғаты бойынша адам болмысының объективті логикасы және өзінің бар болуы жөніндегі түсініктерде саналы бейнелену қабілетінің даму деңгейі ретінде.
Ойлау мәдениеті туа бітетін қасиет емес. Ойлау адамға дайын күйде
берілмейді, ол адамның айналадағы шынайылықты қабылдауы және адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесінде қалыптасып дамиды. Адамның иелігінде ойлау мәдениетін арттырудың үлкен спектрі бар, мысалы, шығармашылық және ғылыми әдебиеттерді оқу арқылы өзге адамдардың ақыл тәжірибесімен өзінің ақыл тәжірибесін арттыру. Бірақ, ойлау мәдениетін дамытудың бұл тәсілінің кемшілігі ретінде, біріншіден, мұндай оқу, әдетте, жүйесіз сипатқа ие болса, екіншіден, ойлау мәдениеті мазмұнын құрайтын, таным қызметінің заңдарын, формаларын, ережелерін саналы түрде меңгеруге мүмкіндік бермейді.
Философия - білімнің, рухани мәдениеттің ең көне бағыттарының бірі. Ол б.з.д. VII-VI ғасырларда Үндістан, Қытай, Ежелгі Грецияда пайда болып, кейінгі ғасырлар бойы адамдардың қызығушылығын тудырған, сананың тұрақты формасы болды. Философтарды сұрақтарға жауап іздеу және дүниетанымға қатысты сол сұрақтардың қалай қойылуы толғандырды. Мұндай мәселелерді түсіну адамдар үшін өте маңызды. Бұл, әсіресе, мәселелердің күрделенуі кезеңіндегі ауыспалы кезеңде сезіледі, себебі дәл осы кезде дүниетанымның өзі өзгеріп, іс жүзінде тексеріледі.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 14, 15, 17, 42, 43, 44, 45.
2 Тақырып. Философияның пәні мен әдіснамасы.
Философия және дүниетаным. Әлемнің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философияның арақатынасы. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы - онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философия.
Философия анықтамаларының, формалары мен бағыттарының көп мағыналылығы және философиялық ой-толғаудың алуан түрлері. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешудің шектеулілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі ролі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
Әр түрлі мамандық өкілдерін философия кем дегенде екі көзқарас
тұрғысынан қызығушылық танытуы мүмкін. Ол өз мамандығын жақсы бағдарлау үшін, бірақ, ең бастысы, өмірді толық және күрделі түрінде түсіну үшін қажет. Бірінші жағдайда физика, математика, биология, тарих, медицина, инженерлік, педагогикалық және басқа да қызмет түрлері, көркем шығармашылық және тағы да басқаларындағы философиялық сұрақтар назарға ілігеді. Алайда, бізде тек маман ретінде ғана емес, сонымен бірге азамат және адам ретінде де толғандыратын философиялық мәселе бар. Және бұл біріншіден еш кем емес.
Мифологиялық және діни көзқарастардан айырмашылығы философиялық ой әлемді түсінудің түбегейлі жаңа түрін тудырды, оның берік іргетасы ақыл-ойдың дәлелдері болды. Әлем туралы біліммен қатар, даналыққа деген сүйіспеншілік адамның табиғаты, оның тағдыры, адам өмірінің мақсаттары және оның ұтымды құрылымы туралы ойларды қамтиды. Даналық құндылығы ақылға қонымды шешім қабылдауға, дұрыс жолды көрсетуге және адамның мінез-құлқына басшылық ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді. Даналық адамның әлеммен күрделі қарым-қатынасын
...