Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойлау мәдениеті

Автор:   •  Сентябрь 12, 2021  •  Реферат  •  1,513 Слов (7 Страниц)  •  1,117 Просмотры

Страница 1 из 7

1)Ойлау мәдениеті

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені

тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен

құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі,

материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып,

бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.

Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана

білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары

жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы

дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен

байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі

мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау –

қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең

байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар

жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды,

ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге

болады.

Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы

Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде

өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені

жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні,

мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің

негізінде нақ осы пайымдау жатыр. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы

заңдары философияның пәні болып табылады.

Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді

тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.

«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге

тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор

қолданған. Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген

Платон.

Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері,

практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам

тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.

Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік

тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын

паш етті.

2) Философия даналыққа құштарлық ретінде

Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған

философияның көмегімен көтерілуге болады.

Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай,

аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам

армандайтын рухани биіктік.

Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни

жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер

сонымен

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (56.6 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club