3 жол білімге апарады
Автор: Айза Туракбай • Октябрь 8, 2020 • Лекция • 376 Слов (2 Страниц) • 590 Просмотры
Тұрақбай Айзада
3 жол білімге апарады
Білім - өмір кілті. Білім болмаса, адам надан болар еді. Ғылым мен оқуға адам баласын жетелейтін - ол еңбек.
Адамды адам еткен еңбек деген сөз бар. Расында да, еңбексіз адамның күні болмас еді деп санаймын. Қай іс, қай жұмыс болмаса да еңбек пен талаптың, бойда бар жігердің көрінуі адамның құнды тәжірибе алынуына алып келеді. "Ойлау жолы - ең ізгі, еліктеу жолы - ең жеңіл, ал тәжірибе жолы - ең ащы" деп айтқан ғұлама ғалым, ойшыл Конфуцийдің сөзімен келісе алмай қоймаймын. Себебі, шыны керек, ойшылдың сөзінің жаны бар: адам қай іспен айналыспаса да, оның жолы түбі білім мен тәжірибеге алып келеді. Жеке тұлға болып өсу және қалыптасу - ертелі-кеш болатын өмір заңдылығы. Бірақ әркім үшін оның уақыты әртүрлі. Айналадағы үлкендерден үлгі алып, өз ісінде талай-талай жетістіктерге қол жеткізгендерге еліктеуде тұрған еш жаман жоқ деп ойлаймын. Өйткені, бұл - өзгеге көрсетілетін құреметтің түрі десем болады, әрі адамның бойына тек жақсы қасиеттердің жиналып, әрі қарай дамуына үлкен әсерін тигізетін бастама. Қытайлық ойшыл Конфуцийдің сөзіне орала келе, ойға шому, өзгеге еліктей отыра, өзіңді жоғалтып алмау, жұмыста құнды тәжірибе алу - білімге әкелетін үш жол екендігіне келісемін. Ойшылмен келісуімнің себебі - білімге апаратын жолға байланысты көзқарасымыздың ұштасуы: Конфуцийдің білім мен ғылымға апаратын "тәжірибе" атты жолының ащы атануы - жеке адамның өмір жолында кездесетін қиындықтарының болуымен түсіндіріледі деп ойлаймын, ал еліктеу жолының жеңіл атануы - оның салынған жолдың үстімен ну орман ішінде жүрумен теңдестіріп, белгілі бағыт-бағдар бойынша ғана жүру қажеттілігімен ұқсатар едім. Ойлау жолы ең ізге деген сөзінің мәні, менің ойымша, оның шынайылығында. Яғни, өзін тыңдай білетін, ойын жеткізе білетір адамның жолы жеңіл болады, әрі ойының ізгілі оның ісінде де көрінуі ықтимал. Қазақтың алғашқы ғалымы боп саналатын тарихшы әрі этнограф Шоқан Уәлиханов атамыздың мынадай сөзі бар: "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет". Тарихшы атамыздың сөзі білімнің адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын растайды. Білім болмаса, азаттық болмаса, білімге деген жеке адамның талпынысы болмаса, адам өмірде аз-ақ затқа қол жеткізеді. Білім - өмірдегі адам орнын табуға әсерін тигізетін жалғыз көмекші.
...