Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бенедикт Спинозаның философиясы

Автор:   •  Март 4, 2025  •  Реферат  •  1,829 Слов (8 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 8

Бенедикт Спинозаның философиясы.

Спиноза ( Spinoza, d’Espinosa) Бенедикт ( Барух ) 24 қарашада 1632 жылы Амстердамда еврей қауымына жататын көпесінің  отбасында дүниеге келді. Спинозаның  ата-анасы, басқа еврейлер сияқты, испан инквизистердің діни құдалауынан аман қалу үшін, Португалиядан Амстердам қаласына көшеді.Амстердамда үлкен еврей қауымдастығы жиналып, ол жерде раввиндар дайындайтын оқу орнын ұйымдастарды. Осы оқу орнында Спиноза өзінің білімін алды. Болашақ философқа үлкен әсер тигізген оның латын тілінденгі жетекші Франс ван ден Энде, өзі дәрігер гуманист, көрнекті ұстаз, озық ойлы адам болған.Оның әртүрлі қызығушылықтардың интеллектуалды ортасы есептелінді: діни, философиялық саяси ғылыми, әдеби: мұнда Спиноза математика, жаратылыстану ғылымдары медицинамен және сол уақыттың алды философиялық ілімдерімен танысты.

1673 жылы Спинозаға Гейдельбергте философия профессоры қызметі ұсынылды, бірақ одан бас тартты. Ол өзінің ой еркіндігі шектелгенін қаламады. Оның кітаптары латын тілінде жазылды. Еңбектері логикалық жағынан дәл және геометриялық теоремалар формасында  баяндалады. Әйгілі geometrico demonstrata – оның философиясының айқын белгілерінің бірі. Спиноза тұжырымдаған аксиомалар пікірлерге негізделді, олардың әрқайсысына нөмір берілді.Өзінің пайымдауларын ол көбіне QED әріптерімен аяқтап отырды: Quod erat demonstrandum –дәлелденуге тиіс нәрсе осы дегенді білдіреді. Оның мақсаты – адамдарды ақыл-ой еріксіздігінен азат ету және олардың таным процесінен рақат алуына ықпал ету. Танымның үш түрі бар: зерде, сенім және рационалдық интуиция. Спиноза қоғамдық өмірді – бірге өмір сүру үшін өзара келісімге келген адамдар бірлестігі деп түсінді. Ол – толығымен рационалист. Оның философиялық еңбектерінің қатаң сипаты өзіндік дүниетанымынан туындайды. Философиялық еңбектерінің салмақтылығы мен дәлдігіне қарамастан оның өзі қарапайым адам болды. Ол бірде: «Көңілділік ешқашан көп болмайды, көңілді болу – қашан да жақсы; екінші жағынан келгенде, меланхолия – ылғи да жаман» деп жазды. Ол 1677 жылы 45 жасында қайтыс болды. Бенедикт Спинозаның еңбектері: «Геометрияда қолданылатын әдіспен жазылған этика», «Құдай, адам және оның бақыты туралы» (1658-1659), «Діни саяси трактат» (1670-аяқсыз қалған), «Саяси трактат», «Ақыл-парасатты жетілдіру туралы трактат» (аяқсыз қалған), «Декарт философиясының принциптері», «Этика» және т.б…

«Этика» - Спинозаның ең басты шығармасы. Ол философ қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көрген. Мұнда оның метафизикасының басты мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. «Этиканы» Спиноза геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған.

Ғалым дүниеде жалғыз ғана субстанция өмір сүреді деп есептеді: «Құдай немесе Табиғат».Аяқталатын нәрсенің бәрі субстанция бола алмайды. Ақыл-парасат пен материя, ой мен кең өріс – Құдайдың атрибуттары. Құдай басқа да көптеген атрибуттарға ие, бірақ біз оларды танып-біле алмаймыз. Адамдардың жандары және дүниеде бар заттардың бәрі өздігінен өмір сүрмейді. Олар Құдіретті болмыстың сыртқы көріністері ғана. Ажалсыздық Құдіретті мәнге ұласуға байланысты. Ол – тұлғасыз; егер біз ажалсыздыққа жетсек, индивид ретіндегі бірегейлігіміз із-түссіз жоғалады.Құдай – біртұтас жалғыз субстанция. Ол өзінің өмір сүруін өзі туындатады. Оның болмысы қандай да бір сыртқы себептермен түсіндіріле алмайды: субстанциядан тыс болып отырған ештеңе осы субстанцияның мәніне ықпал етпейді. Біз субстанция туралы пайымдағанда, оны табиғат деп түсіне отырып, ең алдымен, оның физикалық қасиеттері мен кең өрісі туралы ойлаймыз. Оны Құдаймен теңестіре отырып, негізінен, ой ұғымын қолданамыз. Спинозаның пікірінше, ой мен кең өріс – «Құдай немесе Табиғаттың» басты екі атрибуты. Бірақ қарапайым адамдар ақыл-ой туралы пайымдағанда, олар оны тәнмен шендестірмейді немесе керісінше.Оның ойынша, субстанция әртүрлі формаларға ие, ол оларды модустар деп атады. Модустар – субстанцияның өзінен басқа өзге категориялардың негізінде түсіндіріле алатынның бәрі.Олардың дүниеде өмір сүруі субстанцияның бар болуымен түсіндіріледі. Модус ұғымын лимонад көпіршіктерін мысалға ала отырып түсіндіруге болады. Сізде көпіршіксіз сұйықтық,яғни субстанция болуы мүмкін, бірақ сұйықтықсыз көпіршіктер – модустар болуы мүмкін емес.Сондықтан субстанцияның өмір сүруі – модустардың өмір сүруінің қажетті шарты. Жансыз объектілер, өсімдіктер мен жануарлар, адамды қоса алғанда модустар болып саналады. Бұл заттардың өзгермелілігін түсіндіреді. Егер біз модус болсақ, субстанцияның бөліктеріміз. Ол модустардың өмір сүруін алдын ала анықтайды. Спиноза құбылыстар мен оқиғалардың бәрі алдын ала жоспарланған сценарий бойынша жүреді деп болжамдады. Құдай немесе Табиғат субстанциясы өзінің формасын өзі анықтайды.Оның басты белгілері – ой мен кең өріс. Ол дүниеде бәрі логикалық қажеттілікке негізделген деп есептеді. Осы себепті ақыл-ойға еркін ерік берілмеген, ал физикалық дүниеде жағдайлардың кездейсоқ тоғысуынан ештеңе пайда бола алмайды. Спинозаның ойынша, о дүниедегі өмір және жанның өлмейтіндігі деген болмайды.Дүниеде болып отырғанның бәрі Жаратушы табиғаттың нәтижесі: оқиға қалай болса немесе дүние қалай жаратылса – содан өзгеше бола алмайды, бұл логикалық түрде мүмкін емес. Спиноза біздің дүниеміз бүкіл дүниелердің арасындағы ең жақсысы дегенде дәл осыны айтқысы келді. Егер біз бірдеңені дұрыс емес, күнәһарлық деп есептесек, бұл – терістің бәрі біз үшін жаман болып саналғандықтан ғана. Теріс шектеулі тіршілік етушінің ойлау деңгейінде ғана өмір сүре алады. Құдайда теріс ештеңе жоқ.

...

Скачать:   txt (26.5 Kb)   pdf (127.8 Kb)   docx (147.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club