Алғашқы наным-сенімдер мен ырымдардың заманауи адам өміріндегі алатын орны
Автор: dinmukhamet • Апрель 27, 2023 • Сочинение • 718 Слов (3 Страниц) • 382 Просмотры
Алғашқы наным-сенімдер мен ырымдардың заманауи адам өміріндегі алатын орны
Наным-сенімдер мен ырымдар деген сөзді естіген кезде әрқашанда үлкен кісілер немесе үйдегі ата-апаларымыз есімізге түседі. Неліктен деп ойланып отырсаңыз,толығымен соңына дейін оқисыз деген ойдамын. Қазіргі ғылым мен білімнің дамыған заманында әлі күнге дейін наным-сенімдерге немесе ырымдарға сенетін адамдарды кездестіру өте қиын. Себебі бұрыннан келе жатқан ырымдарға ғылыми түрде түрлі анықтамалар мен тарихи дәлелдемелер келтіріп өткен.Сонымен қатар ырымдардың жәй ғана өзін-өзі сендіру екенін жазған болатын.Бәрімізге белгілі, ең жиі еститін әрі өте актуалды ол «қара мысық».Яғни қара мысықтың жолды кесуі, адамның басына қонайын деп тұрған бақытын ұшырады. Я болмаса жәй ғана жолы болмайды.Өте қызық жағдай.Сонда бар болғаны кішкентай түсі қара мысықтың адам тағдырына үлкен әсер етеді деп сенуіміз ақылға симары анық.Енді осы мысықтың тарихына келер болсақ,орта ғасырларда мысықтарды сайтанның немесе сиқыршының көмекшісі деп санаған болатын.Көбінесе тарихта орта ғасырлар неше түрлі жұқпалы аурулар таралған соның ішінде егеуқұйрықтар мен тышқанның індет тасыған дәуірі деп кездеседі.Яғни тышқандар мен егеуқұйрықтар бар жерлерде әрине мысықтардың да болатыны бәрімізге аян. Сол себепті орта ғасырларларда жұқпалы ауру таратушы ретінде мысықтарды да санаған. Нәтижесінде адамдар мысықтардан бойын алыс ұстаған. Қара мысықтардың тунде көрінбейтінінен, кейдейсоқ кездесулер кезінде адамдарда үрей қалыптасқан болатын. Сол себептіде қара түсті мысықтардың жамандық пен сәтсіздікке жетелейді деген наным-сенім қалыптасқан.
Қазақ халқының да ежелден келе жатқан көптеген наным-сенімдері бар.Менің ойымша қазақи наным-сенімдердің шығу тарихы біздің тыйым сөздерімізден бастау алған секілді.Себебі қазақи наным-сенімдер мен ырымдардың тәрбиеге қатысты тұстары өте көп.Жаманшылық істерден тыюмен қатар адал жолға бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар ежелден келе жатқан наным сенімдер ішінде «көз тию» бар. «Көз- жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»-деген сөздің мағынасын қазақ халқы жақсы біледі. Ауыл арасында «Көз тию» деген ұғым жат емес. Тіпті апаларымыз көз тиген адамды ащылау әдіспен емдеп жатқанын байқап жатамыз. Ащылау әдіс дегеніміз- бір уыс ащы тұзды ауырған адамның жалаңаш денесіне басып, көз тиюді қайырған. Көз тиюдің медицинада нақты диагнозы жоқ. Алайда, ғылыми тұрғыда бір адамның екінші бір адамға теріс биоэнергетикалық әсері көз тию деп аталады. Жалпы алғанда: қызыға қарау, көреалмаушылық, іштарлық, менменшілдік, жек көрушілік, өзге де теріс жағымсыз жағдайлар көз тиюдің алғашқы себебі болып табылады. Сол себепті қазақ халқы жас келінді, өмірге жаңа келген сәбиді, жүйрік атты т.б. көз тиюден сақтаған. Сан алуан аламан бәйгеде алдына жүйрік салдырмайтын сәйгүліктер де, елдің көзінен таса жерде ұсталушы еді. Ал өмірге жаңа келген нәрестеге көз тимесін деп молдаға дұға оқытып, тұмар жаздырып алатын. Оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған. Көз тиюден сақтану үшін үшкіртіп немесе түкірткен. Апаларымыз жас балаға қызыға қараған адамға түкіруге мәжбүр еткен. Халық арасында таралған "Тіл-көзім тасқа" деген сөз осыдан қалса керек. Бір қызығы адам байқамай өз-өзіне көз тигізуі мүмкін. Кейде жасаған бір жақсылығымызға немесе жеткен кішкентай жетістігімізге масаттанып, іштей риза болып, "Өзім ғой енді"-деп айтатын жағдайлар жиі кездеседі. Өз- өзіне тоқмейілсу, көңілі толып, ақылдылығына риза болу- өзіне- өзінің көз тиюуіне жол ашуы әбден мүмкін. Мұндай адамның ісінде кемшілік пайда болып, өзгелермен сөзі жараспай, ойға алған жоспарлары орындалмай, қырсық шалып, жолы болмай, сәтсіздікке ұшырап жатады.{1}
...