Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.
Автор: 87082327206 • Май 10, 2024 • Реферат • 1,670 Слов (7 Страниц) • 108 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: Журналистика
Кафедрасы: БАҚ
БӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).
Орындаған: Ақай Б
Тексерген: Менситова Г.
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры)
Жоспар:
- Ұлы дала аумағындағы алғашқы мемлекеттіліктің қалыптасуы. (Кіріспе)
- Даму ерекшеліктерін негізге алу
- Көшпелі және отырықшы мәдениеттің әрекеттесуін және олардың кезеңдерін көрсету
- Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуын ежелгі жазба деректерімен ғылыми зерттеулер негізінде толық қарастырып өту және ерекше назар аудару ( Негізгі бөлім)
- Қорытынды
Қазақстан жерін ең алғаш мекендеген тайпа ол - Сақтар болып есептеледі. Бірақ Сақтар толыққанды мемлекет болып қалыптаспады.
Өйткені, олардың негізгі шегарасы болған жоқ. Сақтардың ізінен сарматтар ( савраматтар) , ғұндар, үйсіндер, қаңлылар болып есептеледі.
Сақтар туралы тарихтың атасы саналған Геродоттың « тарих» атты еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрыңғы І мыңдықтың орта шенінде Орта Азия және Қазақстан аумағында сақ деп аталатын қуатты жауынгерлерден құралған одақтар болғанын айтады. Персия патшасы І Дарийдың Накшурустағы тас жазуларында сақ тайпаларын мынадай үш топқа бөледі : сақ-хаумаваргалар, ( хаома сусынын дайындайтын сақтар), сақ-тиграхаудалар, ( шошақ бөрікті сақтар), сақ-парадарайандар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Бірінші топ өкілдері Ферғана аумағын, екінші топ Сырдарияның орта аймағы мен Жетісу жерін, үшінші топ еуропалық скифтер немесе Арал теңізі мен Сырдарияның арғы бетін мекен етті. Сақтар жайлы Геродоттың айтуынша : Сақтар скиф тайпалары, бастарына төбесі шошақ тығыз киізден жасалған бөрік пен шалбар киген. Олар қысқы семсер, садақ және айбалтамен қаруланған. Әскерінде тамаша атқыш жауынгерлері болған деп жазады. Олардың тайпаларында көпке дейін матриархаттық билік тәртібі болды. Сақтар темірден зат жасай білгенімен, көбіне мыс пен қоланы пайдалануды жөн санаған. Олардың аң бейнесін өрнектеумен айналысуы, жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.
Сарматтар - Археологиялық деректерге қарағанда, б.з.б. VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның батыс даласында этникалық және мәдениеті жағынан туыс тайпалар – роксаландар мен аорстар мекен еткен. Тарихи зерттеулердің нәтижесінде олардың сармат тайпалары екендігін айқындап отыр. Олардың қалдырған ескерткіштері Каспий маңында, Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағысында және Елек, Ор, Жем, Қобда өзендерінің бойларында табылған.
Археологийлық зертеулер, сармат тайпаларының Орта Азия сол арқылы Таяу шығыс елдерімен мәдени – шаруашылық байланыстарының болғанын көрсетеді. Сарматтар елдік дәрежеге жеткен, өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы қалыптасқан Қазақстан жеріндегі ірі тайпалардың бірі болып саналады.
Үйсіндер – Қытай жазба деректемелерінде б.з.б. ІІІ ғ. бастап Үйсін тайпалары Жетісу жерін мекендеген. Үйсіндер туралы жазуда үлкен ғылыми жұмыс атқарған шығыс зерттеушілері Н. Кюнер мен Н. Бичурин. Олардың қытай тілінен аудармаларын және басқада жазба деректерін пайдалана отырып, академик В. Бартольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» атты еңбегін жазып шықты. Ал Ю. Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпалары туралы жаңа деректерді пайдаланып, Қазақстан тарихына үлкен үлес қосты. Үйсіндер жайлы жазуда, археологиялық материалдарды жазбалармен байланыстыра отырып зерттеуде ҒА академигі Ә. Марғұлан мен А. Бернштам зор еңбек сіңірді. Үйсін тайпалары туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдың аяқ кезінде пайда болды.
...