Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім
Автор: Аяулым Мошкал • Декабрь 8, 2021 • Доклад • 1,431 Слов (6 Страниц) • 361 Просмотры
Әр ұлт өзінің бірегейлігін ұстап қалғысы келеді және әр ұлттың өзінің жан қалауы және табиғи құқығы бар мұның себебі қазір – индустриялық салалардың қарқынды дамыған және технологиялық, иновоциялық бөлініске ұшырыған, өркениетте күйзеліс қалыптасып осы факторлардың әсерінен адами және рухани құндылықтар , ұнамдылық нормалар іштей күйзеліске ұшырап адамзат дағдарысқа түсуде.
Демократиялық процесс эволюциясы қоғамның күрделілігін және көптүрлілігін анықтап , плюрализм мен мультимідениетттік идеалдар бірін-бірі ақтаған және кері әсерін көрсетті. Мұндай жағдайда қайта туған қазақ халқы бірегейлігін , ұлтын сақтап қалғысы келсе өз тарихы мен мәдениетін бағыт қып ұстап алу керек.
Мәдениетке зор еңбегі сінген Шпенглер, Хантинтон, Данилевский секілді ұлы адамдар көптеген концепциялармен, идеялар , жаңалықтар қалдырып кеткен және бірқатар өркениеттер мысырлық американдық жапондық исламдық , провославалық америкалық ислам және африкалық өркениеттерді көрсетіп кеткен болатын алайда ол жерде қазақтың дала мәдениеті де , өркениеті де жоқ. Алайда қазақ халқы көптеген мәдениеттер мен өркениеттер бай және шынай өркениет кезеңі номадалық дәуірмен тұспа-тұс келеді. Көшпенділер мәдениеті әлі талай сырға толық зерттелмеген.Қазақ даласында қаншама ру – тайпалар эностар өмір сүрген. Бұл қазақ мәдениетінің дамуына өте көп үлес қосқан. Қазақ мәдениеті эпос жыр күй жіне т.с.с элементтрден тұрады. Халық ауыз әдебиеті сырттан келген әсерден өзгеріп отырған және өзгеріс бұл ұлтты толығымен өзгеріп кетті дегенді білдірмейді. Әр уақытқа байланысты жаңалықтар еніп әлемдік аренада басқа мәдениеттермен салыстырылп отырады.
Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның ғеосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери-əкімш. шаралардың ғана емес, сондай-ақ адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтасстыкты бүзып, үлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер коғамын "басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд басшыларының өзі қазақ даласындағы озбырлық өрекетгерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді тағыльқтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі (Тойнби, Р.Киплинг, М.Вебер, Э.Трельч, т.б.) еуропа өркениет қана бар, ал өзге кеңістік "тағыларды мәдениетгі адамға айналдырудың алаңы" деп есептеді. мұның астарыңда жымысқы империялық саясатпен астасқан нәсілдік астамшылык жатканы белгілі; əлемге ықпал ету аяларын бөліске салып, алуан кұрлық игіліктерін иемдену барысында еуропалыктарды өзгелерге өркениет ұрығын себуші, мәдени ұлағат миссиясын атқарушы етіп көрсететін түжырымдамаларда ғылыми шындықтан гөрі отаршылдық-идеология мүдденің басымдығы ашық айтыла бастады
Жалпы, қазақ халқының қалыптасуы кезеңі территория, тіл, материалды және рухани орталықтардың қалыптасуымен қатар орындалады. сондай-ақ араб, иран, монғол, сияқты дәстүрі өзгеше, этникалық элементтерді де өздеріне сіңіре қалыптасқанына тарих куә. Ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуының негізі қазақ хандығының құрылуы болып табылады». Мұхамедияр Орынбековтың айтуы бойынша, «мәдениет пен қоғамның руханилығын зерттеу өндірістік қатынастарды зерттеумен бірге, ұлттық менталитетті зерттеуді қажет етеді. Бұл ұғым қоғамның әр мүшесінің бойында кездесетін, қоршаған әртүрлі ортада бағыт беріп отыратын және алынған ақпараттарды жүйелей отырып, бар мүмкіндіктер спекторын пайдалану нәтижесінде іс-қимылдар жасаудың мәдениеттегі коды.Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен, риясыз тазалығымен, зерделі мән-мазмұнымен, адамзат мәдениетімен ежелден сабақтас болады. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдени сабақтастық өз дәстүрін осы күнге дейін жалғастыруға талпынып келеді. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде сақтап қалатын және оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын дәлелдейтін императив. Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс: − Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін анықтауы тиіс. − Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және инновациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп,
...